Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

Талапкерге

 

Құрметті мектеп түлектері!

Сіздің өміріңіздің маңызды кезеңі басталды, бұл кезең болашақтағы тағдырыңызға өзіндік ықпал етуі мүмкін.

Қандай мамандық таңдауыма болады? Болашақта кім боламын? Осы сұрақтардың жауабы өміріңіздегі көптеген өзгерістерге әсер ететіндігі белгілі. Кейбіріңіз нақты бір мамандықты таңдасаңыз, біреуіңіз әлі де ойланып жүрсіз. Кәсіптік салада табысқа жетесіз бе, қоғамға қажетті маман бола аласыз ба, көздеген мақсатыңызды орындай аласыз ба – осындай мәселелердің барлығы сіздің қабылдайтын шешіміңізге байланысты.

Кәсіптік салада өсу үшін, таңдаулы білім беру мекемесінде сапалы білім алу керек. ИнЕУ Жоғары Колледжі 11 жылдан аса экономикамыздың әр түрлі салаларына біліктілігі жоғары мамандар даярлайды. Көптеген жұмыс берушілер мамандарды жұмысқа қабылдағанда ИнЕУЖК дипломына қызығушылық танытады, бұл Колледждегі білім сапасының жоғары екендігін дәлелдейді.

Біздің колледжді таңдасаңыз:

  • - жаңа білім беру және ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқисыз;
  • - өзіңіздің коммуникативтік, ақпараттық, тілдік құзіреттілігіңіздің деңгейін арттырасыз;
  • - белсенді студенттік өмірге қатысасыз;
  • - еңбек нарығына қажетті және қызықты мамандық аласыз (орта кәсіптік білім бағдарламасы бойынша мемлекеттік үлгідегі диплом);
  • - қысқартылған мерзімде жүзеге асатын жоғары кәсіптік білім бағдарламасы бойынша Инновациялық Еуразия университетінде оқуыңызды жалғастыруға мүмкіндігіңіз бар.
  • Әр түрлі мамандықтардың арасынан өзіңізді қызықтыратынын таңдауыңызға болады. Біздің колледжімізде өміріңізге тірек болатын шынайы достар таба аласыз. Егер қоғамға қажетті маман болуды қаласаңыз, ИнЕУ Жоғары Колледжіне оқуға түсіңіз.
  • Біз сізді күтеміз!
  • Қош келдіңіз!
 

ИнЕУ Жоғары Колледжінің директоры
Таженов Шалкарбай Амиржанович


« Желтоқсан 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қазір 1239 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931