Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

Шетел тілі курстары

ИнЕУ-де әр студент шетел  тілін жаңа әдіс-тәсілдер бойынша үйренеді:

  • Жаңа тәсіл (интерактивті оқыту, ойын жағдаяттары, case-study, рөлдік ойындар)

  • Барлық деңгейлер бойынша тілді насихаттаушылармен жұмыс; 

  • skype-конференциялары мен on-line сабақтары

  • халықаралық стандарттар бойынша тестілеу.

 

Күтетін нәтижелер:

  • бір жылдан кейін шетел тілі бойынша  біліміңіз 2 деңгейге өседі;

  • шетел тілінде еркін сөйлейсіз, түсінесіз;

  • өз-өзін презентациялау және көпшілік алдында сөз сөйлеу өнерін үйренесіз;

  • халықаралық грант бағдарламаларына қатыса аласыз, шетелде тәжірибе аласыз;

  • шығармашылық құзыретіңізді аша аласыз, жаңаша ойлауды үйренесіз.

 

Неміс тілі орталығы -Гёте–Институттың серіктесі

 

Неміс тілі орталығы дүние жүзі бойынша Мюнхендегі орталықпен басқарылатын Гёте–Институты өкілдігінің халықаралық желісіне енетін Алматы Гёте–Институтының ресми серіктесі болып табылады. Біз неміс тілін үйренуге көмектесеміз және оқушылар, студенттер мен барлық тілек білдірушілерді неміс мәдениетімен таныстырамыз. Біз заманауи әдістеме  бойынша неміс тілінің сапалы курстарын ұсынамыз. Біз неміс басылымдарының материалдарымен ғана жұмыс істейміз. Біздің курстарды жоғары білікті оқытушылар өткізеді, олар сізге курс бойы көмек көрсетеді.  

  • -  Гете-Институттың лицензияланған емтихан орталығы болғандықтан, біз неміс тілі бойынша Гёте-Институтының бүкіл әлемде танылатын емтиханын қабылдауға құқығымыз бар. 
  • -  Біздің курстар мен емтихандар жүйесі шетел тілін меңгеруге байланысты Жалпыеуопалық (GeR) құзіреттілікке сәйкес келеді.
  • -  Біз қыркүйектен бастап мамырға дейін тіл ассистенттерімен және Германиядан келген тәжірибеден өтушілермен жұмыс істейміз.

 

 

 

 

 

 

Сіздер неміс тілі мен мәдениеті бойынша іс-шараларға қатысып,  Германия туралы толық мәлімет ала аласыздар.

Ақпараттық орталықтың (кітапханалар) жүйелі басылымдары мен кітаптары Германия өмірі туралы өзекті мәселелерді толық, жан-жақты  қамтиды.

Егер сіз Павлодар қ. мектептерінің бірінде жұмыс істейтін неміс тілінің мұғалімі болсаңыз, біздің орталықта ұйымдастырылатын неміс тілі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру семинарларында көруге қуаныштымыз.

Павлодар неміс тілі орталығының қызметі  Гете-Институтпен сертификатталған.

 

Қосымша ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады: 140003 Павлодар – Қазақстан, М.Горький көшесі, 102/4 (202 каб.), тел.: +7(7182)31-43-68, 62-45-78, факс: +7(7182)31-43-68, e–mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.">This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., сайт: www.deutsch-zentrum.com.

 

Ағылшын тілі орталығы

Ағылшын тілінің лингвистикалық орталығы ИнЕУ студенттері, оқытушылары мен қызметкерлеріне курстар ұсынады.

Барлық деңгейге арналған ағылшын тілі (А1-С2);

Бизнестік ағылшын тілі;

Академиялық мобилділікке арналған ағылшын тілі (IELTS & TOEFL - халықаралық емтихандарын тапсыруға дайындық)

Магистратура емтиханын тапсыру дайындығына арналған ағылшын тілі;

Ағылшын тілінде CV & Cover Letter,  job interview жазу;

Ағылшын тілі оқытушыларына арналған семинарлар мен тренингтер.

Курсқа жазылу e-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. немесе +77015428222, +77051413125 телефондары бойынша
Азарова Елена Евгеньевна

 

Неміс тілі орталығы -Гёте–Институттың серіктесі 


Защитный код
Обновить


« Маусым 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қазір 2129 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931