Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

Ұлттық спорт түрлері

Ежелден қазақ халқының өмірінде өзіндік ерекшеліктерімен танылған дене тәрбиесінің жүйесі қалыптасты. Оған  ұлттық спорт түрлері мен ойындары негіз болды. Ойындар жарыс түрінде өтіп, жастардың күшін, ептілігі мен шыдамдылығын дамытуға, сонымен қатар олардың бойында қайсарлық пен ерлік және Отанды қорғауға, көшпенді өмір тұрмысына қажетті басқа да қасиеттерді қалыптастыруға бағытталды.           

 Көкпар

 «Көкпар» - Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия халықтарына да кеңінен танымал қазақ ойындарының бірі.

Ойын дәстүр бойынша қатысушылардың салтанатты түрде әділ ойнайтындығы жөнінде ант беруінен басталады.

Команда 12 жігіттен құралады, бірақ алаңдағы ойынға әр командадан төрт адам қатысады. Ойынның ережесі бойынша аттарды да, қатысушыларды да ауыстыруға болады. «Көкпарға» бапталған, ат жарыстарына қатысып шыңдалған тұлпарларды таңдап алады. Ойын 20 минут өтеді, екі кезеңнен тұрады және ұзындығы 200, ені 80 метрден тұратын алаңда ұйымдастырылады. Шетіне бірдей екі қазан орналастырады (олардың стандартты көлемі – диаметрі 3,6 метр және биіктігі 1,5 метр). Ойыншылардың міндеті – ешкіні жерден көтеріп алып, қарсыластарының қазанына салу. Ойынды үш салт аттыдан тұратын төрешілер тобы бақылайды.      

Ат спортының көкпар сияқты осындай ежелгі ұлттық түрі Республика өмірінде үлкен орын алады. Ат спортының түрлері бойынша Павлодар облысы командасының құрамында спорт шебері, ИнЕУ колледжі ФС-313 тобының студенті Жақсыбек Нурбол қатысып, аймағымыздың мәртебесін Республикалық жарыстарда лайықты қорғайды.    

 

Аударыспақ

Аударыспақ – қазақтың ұлттық ат спортының түрі (атта отырған екі салт аттының күресі). Ойында қарсыласымен күресіп, оны аттан құлатып түсірген салт атты жеңіске жетеді. Бұл ойында жігіттер күш пен өзінің жеңіске жетуге талпынысын, ептілік қасиетін және ең қиын кездерде ер-тоқымда берік отыра білу дағдысын көрсетуі керек.       

Ойын ұзындығы 50, ал ені 25 метр жазық және түзу алаңда өтеді. Ойынның ұзақтығы 5 минут, қатысушылар салмағы бойынша бөлінеді: жеңіл салмақ 65 кг дейін, орташа 80 кг дейін, ауыр 80 кг аса. Ойыншыларға қарсыласына және оның атына соққы беруге, қарсыласын басынан, шашынан,  ер-тұрманынан ұстауға, қолды бұрауға және  қарсыласына шылбыр лақтыруға тыйым саланады, егер қарсыласының бір жері жерге тисе, ол жеңілген болып табылады. 

Асық

Ережесі ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан қазақтың кең тараған ұлттық ойыны. Тәжірибелі ойыншының асыққа толы қапшығы болуы керек. Асықты хнамен, сиямен және  бояумен арнайы бояйды, кейде бағалы түсті металдан құйып жасайды.

Асықтардың арасында міндетті түрде негізгі «сақа» аталатын асық түрі болуы қажет, ойында оның орны зор.

Жерге диаметрі 1,5-2 метр дөңгелек сызық сызылады. Дөңгелектің ортасына ұзындығы ойыншы мен асықтың санына қатысты сызық сызылады. Әрбір ойыншы өз асығын қояды. Қатарынан екі асықты қоюға болмайды.  

Бірінші болып ататын ойыншыны жеребе арқылы таңдайды. Дөңгелектен 2-5 метр қашықтықта сызық сызылады, содан ойыншылар өз сақасымен асықты атады. Егер ойыншының атқан асығы дөңгелектен шығып кетсе, оны өзі алады да енді дөңгелек шетінен қайта атады.

Егер асықты ата алмаса, кезек келесі ойыншыға беріледі.

Егер ойыншының асығы таусылып қалса, сақасын бірнеше асыққа ауыстырып, солармен ойнайды. Ойыншылар асық біткенше ойынды жалғастыра береді.

Теңге алу

Теңге алу (теңгені ат үстінде келе жатып алу) қазақтың ұлттық ойыны орыс тіліне аударғанда «теңгені көтер» мағынасын береді, бұл ойынның тамыры тереңде жатыр.

Қазіргі кезде теңге алу ұлттық ойынының аясы кеңейіп, маңызы артуда, ойын ұлт тарихының тамырын бойлап, тереңінен сусындауға және қазақ халқының жылқыға деген құрметін танытуға ықпал етеді.

Бір-бірінен белгілі бір қашықтықта бірнеше күміс түйін немесе теңге тастайды. Ойынға қатысушылар кезекпен бірінен соң бірі орналасады. Ойын шарты бойынша ат үстінде келе жатқан ойыншы атты тоқтатпай, жерден түйінді немесе теңгені алуы керек. Теңгені ала алмаса, айып есептеледі.

Теңге алу ойынына арналған алаңның ұзындығы 120 метр, ал теңгені алатын орынға дейінгі ұзындық 30 метр болуы қажет. Теңгесі бар қапшықтың саны – 5. Қапшықтардың арасы 10 метр болуы керек.

Ойынның қорытындысында әрбір теңгені алуға кеткен жалпы уақыт есептеледі. 


« Қараша 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қазір 1976 қонақ және Тіркелген қолданушы саны: 2  сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931