Түлекке

 

Құрметті түлек!

Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары  Колледжі -  Павлодар қаласының ірі және алдыңғы қатардағы колледждерінің бірі, Павлодар облысының ғылым, сапалы білім беру және мәдениет орталығы. Білім беру және мәдениет дамуына қосқан үлесі зор.  

Әр түлек өмірінде, колледжде өткізген уақыты - жылы сезіммен еске алатын кезі.

Өміріңіздегі жаңа кезеңге келдіңіз. Орта кәсіби білім туралы диплом алатын кез келді. Енді сіз - жас мамансыз. Алдағы ең маңызды қадам - жұмыс орнын таңдау, мансап құру! 

 

ИнЕУ Жоғары Колледжінің директоры
Таженов Шалкарбай Амиржанович

 

  • ИнЕУ жоғары колледжі қайтадан көшбасшы!

    Табысты оқу орны – берік білім мен жарқын болашақ кепілі. Біздің колледжде мықты оқытушылар құрамы, білім сапасының деңгейі жоғары, оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастыру және дәстүрлі түрде Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (БСҚТА) өткізетін Қазақстан колледждері рейтингін жасау кезінде ескерілетін барлық пункттерге сәйкес.

    Зерттеудің негізгі қағидаттары - айқындылық, әділдік, ашықтық, анықтық пен мүдделі тұлғалардың араласуы. Рейтингте оқыту саласы мен мамандықтар тізімін есепке алынып, бес бағытта жүргізіледі: көпсалалы, политехникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық және өнер колледждерінің рейтингі.

    Рейтинг өткізу кезінде колледждер ұсынған статистикалық деректер пайдаланылды. Колледждің академиялық қызметі бес индикатор бойынша бағаланды: студенттер саны, инженерлік - педагогикалық қызметкерлерінің сапасы, аккредиттеуден өтуі (ТжКБ ұйымының қызмет сапасы), жұмыс берушілермен ынтымақтастық және Интернет арқылы қоғамды ақпараттандыру.

    2019 жылғы көпсалалы колледждер рейтингінің қорытындысы бойынша Инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледжі бірінші орынды иеленді. Біздің оқу орнымыз өзінің нәтижесін растап, бесінші рет болды бірінші!

    Сондай-ақ үздік үштікке «Алматы технологиялық университеті» АҚ-нің Технология-экономикалық колледжі (Алматы қ.) және Солтүстік-Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжі (Петропавл қ.) кірді.

    ИнЕУЖК еліміздің ең үздік көпсалалы колледждер тізімін басқарып, Павлодар қаласындағы оқу орындары үшін ғана емес, бүкіл республика бойынша үлгілі оқу орнына айналады. Ұлттық рейтингтегі бірінші орын – бұл барлық колледж ұжымының жоғары жетістігі және нәтижесі. Біздің оқу орнымыздың әкімшілігі, педагогикалық құрамы, студенттер және олардың ата-аналарын осы жеңістікпен құттықтаймыз! 2019 жылғы талапкерлеріне сәттілік және дұрыс таңдау жасауды тілейміз, Қазақстанның ең үздік колледж рейтингісі таңдауларына әсер етеді деп үміттенеміз!

    Комментарий жазыњыз Прочитано 95 раз
  • «Естелік шамы» акциясы

    2019 жылы 22 маусымда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы басталғаннан бері 78 жыл өтті. Отан азаматтарымыздың есінде бұл қайғылы оқиға мәңгілік сақталады. Бейбітшілік өмірдің шырқын бұзған 1941 жылы ұзақ және қанды соғыс басталды, бұрынғы КСРО халықтары үшін бұл күннін үлкен символдық мәні бар.

    Ел мен жерді қорғап қаза болғандарды еске алу үшін, миллиондаған адамдар үйлерінің терезелеріне, ескерткіштер қасына, бауырластар зираты басына шам жағады.

    Біздің қаламызда "Естелік шамы" атты акциясы Әскери Даңқ мұражайы аумағында өтті. Оның ұйымдастырушылары "Майдан жолы" іздестіру зерттеу жасағының өкілдері.

    Комментарий жазыњыз Прочитано 99 раз Подробнее ...
  • Оқу-далалық жиынының нәтижелері

    2019 жылғы 5-28 маусым аралығында Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінің бірінші курс ұлдары үшін 5 күндік оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып, өткізілді.

    Оқу-жаттығу жиындары студенттерге нормативтік–құқықтық негіздер, алғашқы әскери дайындық, әскери-медициналық дайындық, құтқару жұмыстарын қауіпсіз жүргізу негіздері бойынша қажетті білім алуға мүмкіндік береді, ҚР Қарулы Күштерінің қатарында борыштарын атқаруға қызығушылық оятады, әскерге шақырылушылардың алдында болатын нақты проблемаларымен таныстырады.

    Комментарий жазыњыз Прочитано 101 раз Подробнее ...
  • Студенттерімізді мақтан етеміз!

    Студенттік өмір – бұл тек қана сабақ, сынақ пен емтихандар ғана емес. Біздің колледждегі оқу жылдары түрлі оқиғаларға толы болады – мұнда өмір қайнап, әділ жарыс пен лайықты жеңіс рухы орын алған.

    Колледжіміздің студенттері түрлі мекемелердің іс-шараларына белсенді қатысады, онда қазақстандық патриоттық, бейбітшілік сезім, ұлттық келісім және белсенді азаматтық позиция принциптері негізге алынған.

    П-128 тобының студенті Мұхамедьяр Диас осындай. Бала жасынан Диас спортпен шұғылданады: жеңіл атлетикамен айналысады, ал 2012 жылы қазақша күрестен облыстық жарыстарға қатысып, 3 орын жеңіп алды.

    Білімге құмар және мақсатына берік Диас өте жақсы оқып, топ пен колледж өмірінде белсенді қатысады, кез келген тапсырманы сапалы және дұрыс орындап үлгереді. Биыл колледждегі "Үздік Заңгер" байқауында "Үздік оратор" номинациясында жеңімпаз атанды, академик Қ.Сәтбаевтың 120-жылдығына арналған "Тұңғыш Ғалым" конкурсында 1 орынды иеленді. Сонымен қатар, Диас «ХХІ ғасыр студенттерінің зияткерлігі: мүмкіндіктерді іске асыруы, болашаққа жоспары» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференциясына және "Жеті жарғы" атты Республикалық құқықтық олимпиадасына да қатысты.

    Комментарий жазыњыз Прочитано 136 раз Подробнее ...

ИнЕУ 

Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 


« Тамыз 2019 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қазір 1335 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәміздер ЭКСПО Астана 2017 Серпін Рұхани Жаңғыру G-Global Электрондық еңбек биржасы Болашаққа көзқарас
 
© 2019 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931