Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

ЭКСПО - 2017

 

Iс-шаралар жоспары

Келешектің энергиясы

Астана ЭКСПО-2017

 

«ЭКСПО-2017 Астана» - Қазақстанның астанасында 2017 жылы өтетін Халықаралық көрме бюросы мойындаған, жоспарланған халықаралық көрме.

Әлемде ЭКСПО-ның екі түрі бар: әмбебап (алты ай ішінде өтетін) және мамандандырылған, тақырыптық (үш ай). Астанада 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін көрменің екінші түрі өтеді.

Әлемдік мамандандырылған көрменің тақырыбы «Болашақ энергиясы» деп айқындалды.

Қатысушы елдер энергияның жаңартылмалы көздерінің болашақтағы қолдану аясы мен жетістіктерін және оның қоршаған ортаға зиянсыздығы мен қолдану құнының төмендігін, экологиялық тазалығы сияқты артықшылықтарын көрсетеді.

Қазақстан үшін ЭКСПО – 2017 айтулы оқиға болмақ: бұрын ешқашан осындай көлемдегі халықаралық көрме ТМД және Орталық-Азия аймағы елдерінде балған жоқ. 

20 қазанда ИнЕУ колледжінде біріктірілген сынып сағаты өтті, онда студенттер ЭКСПО-ның өткізілу тарихымен, әлемдік көрме тақырыптарымен, жаңа мыңжылдықтағы ЭКСПО бағыттарының өзгеруімен және Қазақстанның мамандандырылған көрмеге қатысуымен таныстырды.

Астанада ЭКСПО-ның өткізілуі – бұл әлемдік қауымдастықтың біздің елімізді ғылым орталықтарының бірі ретінде мойындауы ғана емес, сонымен қатар экономиканың дамуы, еліміздің мәртебесіне жағымды әсері, Қазақстан үшін жаңа энергетиканы және жасыл технологияны алу мүмкіндігі болып табылады. Өз еліңді мақтан ету, көз алдыңда болатын маңызды, тарихи оқиғаға өз үлесіңді қосу – бұл сынып сағатын ұйымдастырушылардың тыңдармандарға жеткізгісі келген сезімдері мен ойлары болатын. 

 

 

 

 

 

 


« Қыркүйек 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қазір 239 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931