Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

Соғыс туралы материалдар

1945 жылғы 6-13 сәуірдегі негізгі оқиғалар Шығыс майданда өріс алды. Қызыл әскердің  Шығыс-Пруссия операциясының қызған кезі, онда стратегиялық маңызды қала Кёнигсберг (қазіргі  Калининград) үшін шайқас шешуші кезең болды. Кеңес әскері орталық Европада Австрияның астанасы Вена қаласына жақындады. Қиян-кескі ұрыстың нәтижесінде екі қала да вермахт әскерінен азат етілді. Сіздердің назарларыңызға 1945 жылғы 6-13 сәуірдегі оқиғалар хроникасын ұсынамыз. 

Кёнигсберг операциясының картасы

 

Неміс қорғанысының соңғы ошағы-

«Дона» мұнарасы (тылдан көрініс), қазір Василевский алаңындағы янтарь мұражайы

 

1945 жылғы 6 сәуір. Соғыстың 1385-ші күні.

Шығыс-Пруссия операциясының барысында 6 сәуірде 3-Белорусь майданының Кёнигсберг операциясы басталды.  Мықты артиллериялық дайындық пен күшті әуе соққысынан кейін  Кёнигсберг шайқасы басталды. Түсте жаяу әскер мен танктер атыспен қорғанып, қарсыласына оқ жаудырды. 2-гвардия әскері «Земланд» неміс тобын тырп еткізбеді. Кёнигсбергке бірінші болып 43-әскер бөлімі енді. 50-ші және 11-гвардия әскері соғысты қалада жүргізді.  

Көптеген бөлімдердегі қарсыластар қарсы шабуылға шықты. Қызыл әскердің жылжуын тоқтату үшін, неміс командованиесі  Кёнигсбергтің батысындағы соғысқа 5-танктік дивизияны шығарды.

Кеңестік ақпарат бюросынан: 6 сәуір бойы 2-Белорусия майданының әскері Гданьск шығысына және оңтүстік-шығысқа қарай неміс әскерінің қоршалған тобынан қалғандарды жою үшін соғыс  жүргізді...

Венск бағытындағы Украина 3-майданының әскері  соғысып, Швехат, Альткеттенхоф, Ротнойзидль (Венаның оңтүстігінде 2 километр), Хеннерсдорф  тұрғылықты жерлерін басып алды.  

1945 жылғы 7 сәуір.  Соғыстың 1386-шы күні.

Кёнигсберг операциясының барысында  кеңес авиациясы қарсыластарының тірі күші мен  қорғанына, қорына, аэродромына, темір жол станциялары мен порттарына күшті соққы берді. Бір уақытта Батыс майданда генерал Дуайт Эйзенхауэрдің басшылығымен одақтастардың ұрысы жүріп жатты.  

Дуайт Эйзенхауэр, одақтастардың біріккен штабын операцияның аяқталуы туралы шешімімен ақпараттандырды:-  Егер Лейпцигті алғаннан кейін көп шығын жасамай Берлинге жылжуға мүмкіндік болса, мен солай істеймін. -  Әрі қарай: - Мен, соғыс саяси мақсаттың жүзеге асуы үшін жүріп жатқанымен келісемін, егер біріккен штаб Берлинді алу жөніндегі одақтастардың таза әскери түсінгі  осы театрда басым болуын  шешсе,  мен өз жоспарымды және осындай операцияны жүзеге асыру үшін өз ойымды қуана өзгертемін.

Кеңестік ақпарат бюросы: 7 сәуір бойы Карпат алқабында  Ружомберок қаласының солтүстік-батысында Украинаның 4- майданының әскері соғысып, 30-дан аса тұрғын жерді басып алды...

Украинаның 3-майданының әскері Вена аймағында  шабуылды жалғастырып, Медлинг, Прессбаум, Клостернойбург қалаларын  жаулап, Венаның Солтүстік-батысындағы Дунайға бет алды да қаланың оңтүстік бөлігінде көше соғысын ашты.

1945 жылғы 8 сәуір. Соғыстың 1387-ші күні.

Кёнигсберг операциясының барысында  Белорусияның 3-майданының 43-әскері қаланың солтүстік-батыс бөлігін жаудан тазартты. Қамал гарнизоны Земландск жарты аралындағы әскерден алыстатылды және  Кёнигсбергтің шығыс бөлігіне қуылды. 8 сәуірде Александр Михайлович Василевский кёнигсбергтік  әскер тобының неміс генералдары, солдаттары мен офицерлеріне  қаруды тастау туралы ұсыныс жасады. Жауабын күткен жоқ.

Кеңестік ақпарат бюросынан:  Бүгін біздің әскеріміз Кёнигсберг қамалы мен қалаларына шабуылды  бастады. Кескілескен соғыстың бір күнінің ішінде Кёнигсбергке солтүстік-батыстан шабуылдаған Беларусияның 3-майданының әскері қамалдың ішкі  қоршауын бұзып, Йудиттен, Лавскен, Ратсхоф, Амалиенау, Пальфе қалаларының аудандарын басып алды. Қалаға оңтүстіктен шабуылдаған майдан әскері Кёнигсберг қаласының бірнеше аудандары Бас вокзалды, Кёнигсберг портын, Прегель өзенін  басып алып, Кёнигсбергке солтүстік-батыстан шабуылдаған әскерге қосылды. Осылай майдан әскері қала мен қамалды қорғап тұрған жау әскерінің  көптеген тобын қоршауды аяқтады ...  

1945 жылғы 9 сәуір. Соғыстың 1388-ші күні

9 сәуір күні кешке Кёнигсбергтің барлық солтүстік-батыс, батыс және оңтүстік бөлігін кеңес әскері басып алды. Жау қаланың ортасы мен шығыс бөлігін ұстап тұрды. Қамал коменданты генерал Отто Ляш гарнизонға тізе бүгуге бұйрық бергендіктен, гитлер билігі оны сырттай өлім жазасына кесті. 10 сәуірдің түнінде Мәскеу 324-қарудан, 24 артиллериялық дүркінмен кеңес әскеріне салют берді. 

Кеңестік ақпарат бюросынан: Белорусиялық 3- майдан әскері көшедегі қырғын шайқастан кейін неміс әскерінің Кёнигсбергтік тобын талқандап, бүгін,  9 сәуірде   Шығыс  Пруссияның бас қаласы  Кёнигсберг пен қамалды басып алды...  Кёнигсберг гарнизонының қалдықтары, қамал басшысы – инфантерия генералы Ляш және оның штабы бүгін,  21сағат  30 минутта қарсыласуды тоқтатып, қаруларын қойды.

1945  жылғы 10 сәуір. Соғыстың 1389-шы күні

Кеңестік ақпарат бюросынан: Белорусияның 3- майданының мәліметі бойынша   9 сәуір  21с. 30 м. Кёнигсбергтегі неміс әскері  қарсыласуды тоқтатқанынан кейін 9-нан 10 қараған түні бойы және 10 сәуірде күндіз 50 тарта неміс солдаты мен офицері тұтқынға түсті. Осылай немістердің Кёнигсбергтік топтарын жою барысында, яғни, 6 сәуірден бастап 10-на дейін 92 мыңнан аса неміс солдаты мен офицері тұтқынға алынды. Осы кезеңде немістер 42 мың солдаты мен офицерінен айырылған болатын.  

1945  жылғы 11 сәуір. Соғыстың 1390-шы күні

Кеңестік ақпарат бюросынан:  11сәуір бойы Ружомберок қаласының батысы  Карпат алқабында біздің әскеріміз чехословакия және  румыния әскерімен бірге шабуылдап қала мен  Святой Мартин темір жол станциясын Врутки темір жол станциясын басып алды.

1945  жылғы 12 сәуір. Соғыстың 1391-ші күні.

Кеңестік ақпарат бюросынан: 12 сәуір бойы  Чехословакияның солтүстік-шығыс  аймағында және Братиславаның солтүстігінде Украинаның 2-майданының әскері қала мен  Скалица темір жол станциясын басып алды... Венаның солтүстік-шығысына қарай майдан әскері  Австрия аймағындағы бірнеше тұрғын пунктті және Вена — Брно тас жолы мен темір жолды кесіп өтіп, Эйсбесбрунн темір жол станциясын басып алды.

1945  жылғы 13 сәуір. Соғыстың 1392-ші күні

Вена операциясының барысында  Украинаның 2, 3-майданының әскері Австрияның астанасы Венаны басып алды. Жау қоршауға түспес  үшін солтүстікке шегінді.

Кеңестік ақпарат бюросынан:  Украинаның 3-майданының әскері, Украинаның 3-майданы  әскерінің ықпалымен көшедегі соғыстан кейін, 13 сәуірде Австрияның астанасы мен Вена қаласын басып алды …

Ұлы Отан соғысының аяқталуына 26 күн мен түн қалды!

 Венадағы кеңес жауынгерлерінің ескерткіші

Қызыл әскердің Венадағы операциясы

Вена тұрғындары босатылғандарды қарсы алуда

 

Венаға!

 

Тұтқын неміс солдаттары Кёнигсбергте

 

1945 жылғы 13-19 сәуірде Ұлы Отан соғысы өткен далада көп маңызды оқиғалар болды.

1945 жылғы 13 сәуірде 3-Беларусь майданының әскері Балтық флотымен өзара қарым-қатынас орнатып Земланд операциясын бастады, ол 25 сәуірге дейін жалғасты.

Таңғы сағат 8-де артиллериялық және әуе дайындығы басталды, бір сағаттан соң майдан әскері шабуылға шықты. Кеңес әскері Фишгаузенге бағыттап орталықтан басты соққы берді, онда неміс тобын бөліп, кейін толық жаулап алу көзделді. Жау күшті қарсылық білдірді, ал шабуылдаушы әскер бойлап ене отырып тоқтаусыз күрес жүргізді.     

Осы күні Вена операциясының барысында Украина майданының 2-ші және 3-ші әскері Австрияның астанасы Венаны басып алды. Жау әскері қоршауға түспес үшін солтүстікке шегінді.

Шығыс-Пруссия операциясының барысында таңертең 3-Белорусь майданының әскері майдан шебіндегі шабуылды қайта бастап жаудың қорғанысын бұзды. Сол күні кешке майдан әскері жауды Пиллауға қарай шегінуге мәжбүр етті.

1945 жылғы 15 сәуірде Моравско-Остравск операциясы басталды. 15 сәуірде 4-Украина майданының әскері жаудың Моравско-Остравсктің солтүстік-батыс жеріндегі 12 шақырым қоршауын бұзды.

Осы күні Австрияның және Европаның көрші аудандарының біршама аумағын неміс-фашист әскерінен азат еткен Веналық операция аяқталды. 

1945 жылғы 16 сәуірде Берлинге шабуылдау операциясы басталды. Берлинге қарсы соғысқа 2-Белорусь майданының маршалы К.К.Рокоссовскийдің, 1-Белорусь майданы маршалы Г.К.Жуковтың және 1-Украина майданының маршалы И.С.Коневтің  әскері қатысты.

Кеңес Одағының маршалы Георгий Константинович Жуков

 

1-Белорусь майданының соққы беретін тобының шабуылы таң атуға 2 сағат қалғанда мәскеу уақыты бойынша сағат 5-те  мықты артиллериялық дайындықпен басталды. Артиллериялық дайындықтың аяқталуына 3 минут қалғанда арнайы белгімен (шамның тігінен түскен жарығы) 3-ші, 5-ші соққы беретін, 8-ші гвардиялық және 69-әскер орналасқан аймақта 143 жарық шамдары қосылды, жарықтың көмегімен жаяу әскер шабуылға шықты.   Соққы беретін 5-әскер Лечин – Зеелов темір жолының батысындағы 3 шақырымда линияға шықты. Күннің екінші жартысында 5-соққы беретін әскердің жанында С.И. Богдановтың 2-ші гвардиялық танк әскері шабуылға шықты, олар түні бойы соғысты жалғастырып, күшінің жартысымен Фриландерштр өзеніне жетті.   

В.И. Чуйковтың 8-ші гвардиялық әскері түсте Гаупт Грабен каналының шетіне барды, онда жаудың мықты қарсылығына тап болды. 18.00-де артиллерия мен әскердің жартысы келді, олар Гаупт Грабен шекарасынан өтті. 16 сәуірдің кешіне қарай 8-ші гвардиялық әскер Зеелов шыңының етегіне шықты.  Сол күннің екінші жартысында М.Е. Катуковтың 1-ші гвардиялық танк әскері 8-ші гвардиялық әскердің жанында шабуылға шықты. Әскердің алдыңғы бөлімшелері кешке қарай   Зеелов биігінің шетіне шықты.

Бірінші қанатта  1-польша әскері Одер мен Альте-Одерді жүзіп өтіп, ірі плацдармды басып алды. А.Беловтың 61-әскері бірінші күні барлай жүріп  соғыс ашты. 47-ші әскер жау қорғанының басты жерін басып өтіп, екінші позицияға шықты. 3-ші соққы беретін әскер Позедин Грабен каналын жүзіп өтті және 8 шақырымға алға жылжыды.

Сол қанатта В.Я. Колпакчидің 69-әскері жаудық бірінші қорғаныс шебін басып алды. Екінші шепке жақындағында жау әскерінің күшті қарсылығына тап болды және әрі қарай жылжи алмады. В.Д. Цветаевтың 33-әскері күніне  5 – 7 шақырымға алға жылжыды.

1-ші Украина майданында 16 сәуірде сағат 6-дан 15 минут кеткенде күшті артиллериялық дайындық басталды. Артиллериялық оттың түтін тұманын жамылып және әуеден жасалған қорғанды пайдаланып жаяу әскер мен артиллериялықтар Нейсені жүзіп өтті және бірнеше тірек пункттерді басып алды. Осы уақытта инженерлік-саперлік және қалқымалы көпір салатын бөлімшелер Нейсе арқылы өтетін көпірді салуға кірісті. Сағат 9-да атқыш әскері мен артиллерияның екінші эшелоны өте бастады. Түске таман 16 сәуірде Нейсе арқылы 60 тоннаны көтеретін көпірлер салынды, ол танк әскерінің алдыңғы қатарын және ауыр артиллерияны соғысқа шығаруға мүмкіндік берді. Кешке қарай 1-ші Украина майданының соққы беретін әскері Котбус – Вейсвассер – Нискидің шығыс етегі арқылы өтетін  жау қорғанысының екінші жеріне келді.

1945 жылғы 17 сәуір. Шығыс-Пруссия операциясының барысында 3-ші Белорусь майданының әскері жаудың Земланд жарты аралындағы Фишхаузен қаласын басып алды. Неміс тобының қалғандары 15 – 20 мың адам Пиллау аймағына кетті және уақытша дайындалған қорғаныс шебіне бекінді. Кеңес әскерінің шабуылы тоқтатылды.

Берлинге шабуылдау операциясы. Бірінші қапталда  1-Белорусия майданының61-әскеріОдерден жүзіп өтуді бастады. 47-әскер жаудың екінші қорғаныс аймағына келді. 3-соққы беретін әскер 8 шақырымға алға жылжыды және қорғаныстың екінші аймағына келді.

Орталықта 5-соққы беретін әскер және 2-гвардиялық танк әскері майдандағы шабуылда Альте-Одер өзенінің шетіне жақындап, оны жүзіп өтіп Зеелов биігінің етегіне келді. 8-гвардиялық әскер 1-гвардиялық танк әскерімен бірге Зеелов биігінде күні бойы ауыр соғыс жүргізді. 15.00-де 8-гвардиялық әскер Зееловты қоршап басып алды. Сол қапталдағы 69-әскер 1-2 шақырымға жылжыды. 33-әскер Одер-Шпрее каналын жүзіп өтті.

Кешке қарай 1–Украина майданы Пуховтың 13-әскері орналасқан жерде және Жадовтың 5-гвардия әскерінің оң қапталында немістердің Котбус – Вейсвассер – Нискидің шығыс жақ шетіндегі екінші қорғаныс аймағы талқандалды. Кеңес әскері қорғаныстың үшінші аймағын Шпреені алуға талпынды, кешке қарай өзен арқылы бұрылды.

17 сәуірде И.В.Сталин Г.К. Жуковтың 1-Белорусь майданы әскерінің ақырын жылжуына байланысты, И.С.Коневке 1-Украина майданының 3-ші және 4-ші гвардиялық танк әскерін Берлинге оңтүстіктен бұруға бұйрық берді.

Моравско-Остравскке шабуылдау операциясының барысында 4-Украина майданының әскері Опаваны жүзіп өтті және Ститинаның  солтүстігіне қарай майдандағы 15 шақырымға дейінгі және 5 шақырым тереңдікті басып алды. Оны әрі қарай кеңейтуге тау жотасының солтүстік биігіндегі Чехословакия мен Германияның арасындағы бұрынғы шекарасына дейінгі қорғаныстың ұзақ аумағы кедергі болды.      

1945 жылғы 18 сәуір. Берлинге шабуылдау операциясы1-ші Белорусь майданының 61-әскері оң қапталда Одердегі плацдармды кеңейтті, 47-әскер оңтүстікке Вриценадан шабуылдады және Врицен — Шульцдорф жолына шықты, 3-соққы беретін әскер түсте Меглинге барды, түстен кейін жаудың Шульцедорф — Меглин шетіндегі қорғанысын талқандады.

Орталықта 5-ші соққы беретін әскер және 2-гвардия әскері орманнан және өзен жағасынан шабуылдап, 4 шақырымға алға жылжыды және  Бацлов жанындағы Ригенвальд ауданына барды. 1-ші гвардиялық танк әскері оңтүстік-батыс бағытында шабуылдап, Марксдорфты жаулап алды және  8-гвардия әскері мен 69-әскер майданының алдында қорғанған неміс әскерінің біршамасын тұтқындады. Кешке қарай 8-ші гвардия әскері Требницаға жетті.

Сол қапталда 69-әскер және 33-әскер Франкфурт бекіністі ауданын айналып өтіп, оның қарамағына қауіп туғызды. Неміс басшылары гарнизонды Франкфурттан Одерге эвакуациялау туралы және батыс жағалауды қорғаныс бөлімшелерімен күшейтуге  шешім шығарды.  

18 сәуірдің соңында 1-ші Украина майданының 3-ші гвардиялық танк әскері 30 шақырымдай Шпрееден өтті, ал 4-гвардиялық танк әскері 45 шақырымға жылжыды. 13-әскер Шпреені жүзіп өтіп, солтүстік-батыс бағытында қозғалды. 3-ші гвардия әскері және 5-ші гвардия әскері қапталда қиян-кескі соғыс ашты.

Гёрлицтің солтүстігінде Польшалық 2-әскер және 52-әскер Нейсе өзенін жүзіп өтті, неміс қорғанысының тактикалық аймағын бұзып, 18 сәуірде үшінші аймаққа келді.

1945 жылғы 19 сәуірБерлинге шабуылдау операциясы.1-ші Белорусь майданы 61-әскерінің оң қапталында Одердің батыс жағасындағы плацдармды кеңейту үшін соғыс жүріп жатты және бір күнде 1 шақырымға жылжыды. 47-әскер, 3-ші соққы беретін әскер және 2-гвардиялық танк әскері Берлинге солтүстік-шығыстан шабуыл жасады. 2-гвардиялық танк әскері жаудың «Вотан позициясындағы» қарсылығына тойтарыс беріп, 30 шақырымға дейін соғыса отырып, батысқа қарай жылжыды.  5-соққы беретін әскер «№1 Рейхсштрассеге» қарай неміс астанасына бағыт алды. 8-гвардиялық әскер және 1-гвардиялық танк әскері Мюнхеберг жанындағы неміс қорғанысын бұзды. Сол қапталда 69-әскер және 33-әскер  Франкфуртта Одердің шығыс   жағасында жаудан қалған плацдармды басып алды және күніне 3-4 шақырым алға жылжыды.

1-Украина майданының П.С.Рыбалко3-гвардиялық танк әскері Берлинге шабуыл жасай отырып,  30—35 шақырымдай өтті. 4-гвардиялық танк әскері кешке қарай 50 шақырымға алға жылжыды. 13-әскер танк әскерінен кейін батысқа қарай жүріп отырды. 3-гвардиялық әскер және 5- гвардиялық әскер қапталға қарай баратын жерді кеңейтті және Котбус пен  Шпремберг ауданының солтүстігі мен оңтүстігіндегі қауіпті жоюға дайындалды.

Pz-V Пантера соғылған неміс танкі

Немістің талқандалған броневигі мен оның экипажы

 

1945 жылғы 20 сәуірде 3-Белорусь майданының басшылығы  Пиллау портын иемдену үшін К.Н.Галицкийдің 11-гвардиялық әскерін шабуылға шығарды. Әскер бөлімшелері үлкен қиындықпен қарсыластың қорғаныс шебіне 1 шақырымдай енді. 

Пиллау портына жасалған шабуыл

 Осы күні К.К.Рокоссовскийдің  2-Белорусь майданының әскері Берлиндік бағытқа шабуылды бастады. Сағат 6-дан 30 минут кеткенде П.И.Батовтың 65-әскері түтін бүркеу арқылы Вест-Одер өзенін жүзіп өтті, қорғаныстың басты аумағының бірінші позициясын бұзып, кішкентай плацдарм орнатты. В.С.Поповтың 70-әскері    Вест-Одердің батыс жағасындағы плацдармды алды және біраз алға жылжыды. И.Т.Гришиннің 49-әскері табысқа жете алмады. Вест-Одер өзенін өтемін деген әрекеті іске аспады. 1-Белорусь майданының 61-әскері Альте-Одерді жүзіп өтті. 

Кеңес Одағының  маршалы Константин Константинович Рокоссовский 

Претцелер Форст орманынан шыққан 2-ші гвардиялық танк әскері  Бернауды басып алды. 20 сәуір күні 21.50-де Г.К. Жуков 2-ші гвардиялық танк әскерінің басшысы   С.И. Богдановтан  жылдам Берлинге шығуын талап етті.

1-ші Белорусь майданының басқа бөлімшелері әр жақтан шабуыл жасап, Берлинді қоршауға алды.

1945 жылғы 21 сәуірде 2-ші Белорусь майданының әскері Одер плацдармын кеңейту үшін неміс-фашист әскерінің қарсы шабуылына тойтарыс бере отырып, соғысты жалғастырды.

Одер арқылы өту

1-ші Белорусь майданының бөлімшелері қарсыластарының аулаққа шегінген бөлімшелерінің қарсылығына жауап бере отырып, біртіндеп алға жылжыды. Күннің соңында 47-әскер, 3-соққы беретін әскер, 3-танк гвардиялық әскер берлиндік қоршалған автожолды бұзып, Берлиннің солтүстік шетіне енді. Бір уақытта 5-соққы беретін әскер қаланың солтүстік-шығысына жетті.

Осы уақытта 1-Украина майданының 3-гвардиялық танк әскерінің бөлімшелері Берлиннің оңтүстік аймағына енді. Осылай неміс тобы қоршауға алынды. Майданның қалған бөлігі қарсыластардың қоршауын бұзып, қарсы шабуылға шығуға кедергі келтірді. 

1945 жылғы 22 сәуірде үш майданның әскері Берлин мен оның оңтүстігіндегі жау әскерімен қарсыласа отырып, Берлин бағытындағы шабуылды жалғастырды.

22 сәуірде Гитлер батыс майдандағы генерал Венктің 12-әскеріне Берлиннің батысы мен оңтүстік-батысынан шабуыл жасалғаны жөнінде хабарлады.  Сөйтіп Гитлер қоршалған  Берлин тобын құтқарамын деп сенді.

Келесі күні Штейнердің неміс әскері солтүстіктен шабуыл жасады, бірақ ол сәтсіз болды. Бірнеше күн өткен соң Штейнердің тобы жойылды.

2-Украина майданының бөлімшелері чех қаласы Брноға жақындады.

1945 жылғы 24 сәуірде Белорусь майданының 3-бөлімшесі Кёнигсбергке шегінген Пиллау қамалындағы неміс әскерлерінің қалғандарын қоршауға алды.

Бір мезгілде Берлинге бағыт алған Қызыл Әскер Германия астанасының қалалық аумағындағы су кедергісін басып,  Берлинге шабуыл жасады.  

1-Украина майданының әскерлері неміс әскерінің 9-бөлімшесін қоршауға алды, сөйтіп Берлиннің тағдыры шешілді.

Осы күні 3-Белорусь майданының әскері Пиллау қаласын басып алды, Земланд аралындағы қарсыласты талқандады. Неміс әскерінің қалдықтары Фришес-Нерунгтің батыс бөлігі мен Висланың сағасына тығылды. Пиллауды басып алған соң Шығыс-Пруссия операциясы аяқталды.

1945 жылы 25 сәуірде үш майданның әскері жаудың тірі күшін баса отырып, Берлин аудандарын жаулап алу үшін  ауыр соғыстар жүргізді.

Осы күні Стрела және Торгау аймағында, Эльба өзенінде, 5-гвардия әскерінің 58-гвардиялық атқыштар дивизиясы бөлімшелері 1-америка әскерінің 5-әскер корпусының 69-жаяу әскердің барлаушы топтарымен кездесті. 

1945 жылғы 26 сәуірде Белорусь майданының әскері Берлинге шабуылдау операциясының барысында Штеттин қаласын басып алды.

Берлиндегі қиян-кескі шайқас неміс-фашистік әскердің жағдайды өзгертуіне мүмкіндік бермеді. Осы күні қаланың бірнеше аудандары алынды. Губбен аймағында қоршаудан шығуға әрекет еткен немістің 9-әскерінің бөлігі көп шығынға ұшырады.   

Братислава-Брно операциясының барысында 2-Украина майданының 53-әскер бөлігі 1-гвардиялық атты топпен бірлесіп чехтың Брно қаласын алды.  

2-Украина майданының әскері Брно қаласының шығысына қарай ірі тұрғын аймақтар  Лужна, Поздехов, Ясенна, Визовице, Слушовице, Лужковицеде  соғыс ашты.   

Ұлы Отан соғысының соңғы жылдары.

4 мамыр – Оңтүстік Германия мен Италиядан шабуылдаған Америкалық әскер Бреннер асуында кездесті.

Осы жылы саратовшылар  бүкіл елімен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толуын тойлайды.

Ұлы оқиғаның  мерейтойы қарсаңында «Взгляд-инфо»  ортақ тарихымыздың маңызды кезеңін оқырмандардың есіне салады.

Біз күн сайын Ұлы Отан соғысының бүтін бір елдің және жеке адамдардың өміріне өзгеріс енгізген атаулы күндері  туралы айтамыз.

1945 жылғы 4 мамырда 2-Белорусь майданының әскері шабуылды жалғастырды. Штеттин қаласының солтүстігіне қарай кеңес бөлімшелері  Дивенов бұғазы арқылы өтіп, Воллин аралындағы плацдармды басып алды.  Немістер кеңес бөлімшелерін шегіндіру үшін он бір рет қарсы шабуылға шықты. Қызыл әскерліктер жау шабуылына тойтарыс берді және табанды шайқастан соң,  Воллин қаласы мен темір жол станциясын басып алды. 

Бранденбург қаласының оңтүстігіне қарай 1-Белорусь майданының әскері шабуыл бастады. Кеңес бөлімшелері орманнан өтіп, батпақты, өзенмен бөлінген жермен жүріп 20 шақырымға алға жылжыды, темір және тас жолдар торабы  болып келетін  Бельциг қаласын басып алды. Жаудың жаяу әскері мен танк топтары қарсылық білдірді, бірақ енжарлық танытты. Кеңес бөлімшелері шабуылды жалғастыра отырып, гитлершілерді Визенбург қаласынан қуып шықты.

4-Украина майданының әскері шабуылды жалғастырды. Тауға бекінген жау табанды соғысты. Немістер қорғанысының аралық шекарасын бұзып, кеңес әскері жойқын соғыстан соң Вигштадтль (Витков) қаласын басып алды. Кеңес гвардиялық бөлімшелері соғыса отырып, 15 шақырымға алға жылжыды және немістерді тірек пункт ретінде қолданған  Горная Бечва ауылынан қуып шықты.

Қызыл Әскер Брно қаласының шығысына қарай соғыса отырып, бірнеше жергілікті мекенді жаулап алды. Гитлершілер жиі қарсы шабуылға шыға отырып, табанды түрде қарсыласты. Кеңес әскері Моравы өзенінің екі жағынан шабуылдап, сыртынан қоршап алды, осылай Крженовице ауылын иемденді және жауды өзенге ығыстырды. Соғыс нәтижесінде гитлершілердің үлкен бөлігі жойылды. 

  Берлинге бағытталған соғыс оты

6 мамыр – Генерал Эйзенхауэр 8 мамырда сағат 12-ге   таянғанда барлық майдандағы қозғалыс пен  соғыс әрекетінің тоқтауы туралы  ультиматум  жариялады.  

Ұлы Отан соғысының 1415- күні.

6 мамырда 1-ші, 4-ші, 2-ші Украина майданының кеңес әскері Прагаға шабуылдау операциясын бастады, ол 11 мамырға дейін созылды.  Әскердің басты күші көтеріліс ашқан чех халқына көмекке барды. Чехословакия аумағындағы неміс-фашист тобын қоршап, талқандау және астанасы – Праганы азат ету талап етілді.

6-11 мамыр –  1-ші, 2-ші, 4-ші Украина майданының Прагаға шабуыл жасау  операциясы.

7 мамыр  -  Реймсте Германияның қарсылықсыз тізе бүгуі туралы актіге қол қойылды, оны келесі күні кеңес жағы Карлсхорстта (Берлин) қайталады,  9 мамырда барлық майдандағы соғыс әрекетін тоқтату күні болып жарияланды. 

7 мамыр  –  12-ші неміс әскерінің америка әскеріне  Эльба арқылы  өтуі аяқталды.   

7 мамырда 2 сағат 41 минутта Реймсте Жоғарғы Бас қолбасшының ордасында генерал Эйзенхауэрдің одақтас әскерімен Германияның тізе бүгуі туралы хаттамаға қол қоюы өтті. Неміс Жоғарғы басшысы 8 мамырдың түнінде белсенді соғыс әрекетін тоқтатуға міндеттенді. Неміс әскері мен флот осы уақытқа дейін орналасқан өз орындарында қалуы керек болды.  

 Жанып жатқан Рейхстаг көрінісі.

8 мамыр  –  Карлсхорстта (Берлин) Германияның сөзсіз тізе бүгуі туралы Актіге қол қойылды.

8 мамырда сағат 10-нан 43 минут кеткенде орталық европа уақыты бойынша Берлин жанындағы Карлсхорстта  немістің  бұрынғы әскери-инженерлік асханасында  немістің бас қолбасшысы Германияның сөзсіз тізе бүгуі туралы Актіге қол қойды. Қол қойылған кезде Кеңес Одағының маршалы Жуков, Ұлыбритания Авиациясының маршалы Теддер, АҚШ Стратегиялық әуе күшін басқарушы генерал Спаатс және Француз әскерінің бас қолбасшысы генерал Латр де Тассиньи қатысты. 

КСРО өкілі  К.Н. Деревянко тізе бүгу туралы актіге қол қоюда

9  мамыр  – Кеңес әскері соғыс ашқан прагалықтардың көмегімен Праганы азат етті. 

Ұлы Отан соғысының 1418-ші күні.

КСРО Әскери күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Иосиф Сталин кеңес халқын Жеңіс күнімен құттықтады. 

 


« Маусым 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931