Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

Мәңгілік полк

Оспанов Карим Оспанович 1919 жылы ауылда туған. Анасынан ерте айырылған, ол сол жылы қайтыс болған. Үлкен аға, әпкелері аурудан, аштықтан және суықтан бірінен соң бірі дүние салған. 1932 аштық жылы әкесі өмірден озған. Карим мен үлкен ағасы Хамит қана тірі қалған.
Адамдар қоныстанған орындарынан жұмыс пен нан іздеп әр жаққа кеткен. Көбі сібір ауылдары мен қалаларына бағыт алған. Ағалы-інілі екі жыл бойы сібір өлкесінде болып, кейін 1934 жылы Новокузнецк балалар үйіне, содан кейін 1936 жылы Павлодарға, жуырда құрылған Казкоммунаға жіберілген.
1939 жылы қарашада Карим Қызыл әскер құрамына шақырылған. Осы уақытта ол педагогикалық техникумды аяқтап, Қостанай облысы Қарабалық ауданында қазақ тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Әскери қызметті Архангельскте бастаған. Жас және тәжірибесіз солдаттарды фин соғысына бірден алдыңғы қатарда жіберген. Карим қызметте болған жаяу әскердің міндеті - әскери бөлімшелер мен техника эшелондарының өтуіне арналған жолдарды қардан тазалау.
1940 жылы полк әрі қарай қызмет атқаруға Архангельскіге келген, ал бір жылдан кейін Ұлы Отан соғысы басталған. 1941 жылы 12 тамызда сібірге қарай ұзақ жаяу жүрістен кейін Каримнің полкі жаумен соғысқа енген. Оспанов жарақаттанып қалады. Госпитальден кейін 1942 жылы Выборг қаласын азат етуге қатысады. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін екінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Карим Оспанович 1946 жылы әскерден қайтып келген. Үйленді. Сырттай Семей педагогикалық институтын бітірген. Жұбайы Қазыкенмен бірге тоғыз бала тәрбиелеген, олардың барлығы жоғары білім алған.
40 жылдан аса Чернорецк №2 орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген, сол жерден зейнетке шыққан.
«Өмір сүру – демек еңбектену» ұранын ұстанған жауынгер, әке, педагог адамның тағдыр жолы осындай. Осы қалыпта ол барлық балаларын тәрбиелеген. Олар әр түрлі мамандық иесі болған: инженер, заңгер, дәрігер, қаржыгер. Екі қызы, Мараш пен Гульбаршин және немересі Алма атасы мен әкесінің жолын таңдады. Карим Оспановичтің 18 немересі және 28 шөбересі бар.
Каримовтардың үлкен отбасы арғы атасын, атасын, әкесін мақтан етеді. Олар үлгі боларлық тұлғалар. Ал Ұлы жеңіс күні - отбасында ерекше мереке. Ардагер өмірден озғанмен, Оспанов Карим Оспановичті есте сақтайтын оның балалары, шөберелері бар.
Гвардия аға лейтенанты Бексултанов Айдархан 1906 жылы туған. Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылының тумасы. 22 атқыштар дивизиясының 67 Гвардиялық атқыштар полкінің атқыштар ротасының командирі. Кеңес Әскері қатарына 1941 жылы 15 шілдеде Ертіс аудандық әскери қомиссариатқа шақырылды.
Атқыштар дивизиясы Томск қаласында құрылды, Мәскеу түбіндегі шайқасқа, Белый қаласының жанындағы соғысқа қатысты, Великий луг ауданында, Локня бекетінің түбінде, Смоленск, Рига жанында соғысқан, немістердің курляндия тобын талқандаған. Дивизияның майдан жолы 2700 километрден аса қашықтықты құраған.
Бексултанов Айдархан Латвияға дейін барып, 1944 жылы 26 желтоқсанда неміс-фашис басқыншыларынан Кеңестік Прибалтиканы азат ету кезінде соғыста қаза тапқан. Латвия КСР Гоббастың 400 метр шығысында жерленген.
Гвардия аға лейтенанты Бексултанов Айдарханның келесі марапаттары бар:
- Қызыл жұлдыз ордені (22 атқыштар дивизиясының №069 бұйрығы 25 .11. 1944жыл);
-2 дәрежелі Отан соғысы ордені (19 гвардия корпусының №03 бұйрығы 10 .02.1945 жыл).
2011 жылы солдаттың немерелері мен шөберелері Латвиядағы қабіріне барып, естелік мемориалдық тақта орнатты.
Сыздыков Шамен (Шаммухамед) Сыздыкович 1912 ж. 12 қазанда Павлодар облысы Лебяжі ауданында Корт ауылында туды. Ата-анасынан ерте айырылды. Медреседе оқып, араб және латын тілдерін меңгерді. 1935 жылы КСРО Қарулы күштерінде әскерде болды.
Соғыстың алдында Лебяжі ауданының аудандық қаржы бөлімінде Мемлекеттік кірістер инспекторы болып жұмыс істеді. Фашистік Германия КСРО-ға шабуыл жасаған кезде өз еркімен сұранып майданға аттанған. 1941 жылғы шілде айында 314 атқыштар дивизиясының құрамында Ленинградты қорғады және осы жерде соғысқа бірінші қатысты.
1942 жылы Москва жанындағы Кунцево станциясына 618 әуегеқарсы қорғаныс дивизиясына жіберілді.
Есептеу-зенитті қондырғы командирі болып тағайындалды.
Невель, Великие луки, Полоцк, Полтава қалаларын азат етуге, Курск түбіндегі шайқасқа қатысты. 618 дивизиясының құрамында Белоруссияны, Латвияны, Литваны, Эстонияны, Финляндияны, Польшаны, Болгарияны, Чехословакия мен Шығыс Пруссияны жаудан босатуға қатысқан. Соғысты Прага қаласында аяқтады.
ІІ және ІІІ дәрежелі Атақ Орденімен, «Ерлігі үшін» екі медалімен, «Ерлік істері үшін» екі медалімен, «Ленинградты қорғағаны үшін», «Варшаваны қорғағаны үшін», «Кенигбергті алғаны үшін» медальдарымен марапатталды.
Кеңес Одағының Қаһармандары, мергендер Мәншүк Маметова мен Алия Молдағұлованы және полковник Әбілхайыр Баймульдинді жерлеуге қатысты.
Соғыстан кейін құрылыста және автобазада кассир болып жұмыс істеді.
Канапин Балтабай, 1917ж.т. Әскери жолын 1941ж. тамызда бастап, 1945ж. мамыр айында аяқтады. Көлік взводын басқарды. Ауыр жараланды. Ерлік істері үшін Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі Орденімен марапатталды.
Менің әкем Абылкасимов Шайкен 1918 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы № 14 ауылда шаруа отбасында туған. Әкемнің ата-анасы аштық жылдары қайтыс болған. Спасск балалар үйінде тәрбиеленді, 16 жасында Ақмола қаласына ағаш ұстасы оқуына кетті, содан кейін Қарағанды тау-кен өндірісі училищесін бітірді. 1938 жылғы тамыздан бастап «Қарағандыкөмір» №18 тресінде электровозда машинист болып жұмыс істеді.
1939 қыркүйекте әкемді Қызыл әскер қатарына шақырды. Ол Комсомольск-на-Амур қаласында ІІ Қызыл ту орденді қиыр шығыс әскерінің жеке құрылыс корпусында болды. Фашистік Германияның біздің елге, Абылкасимов Ш. қызметін өтеп жатқан жерге шабуыл жасауынан кейін, Қиыр Шығыстан Калужск бағытындағы майданға жіберген. Әкем Калининск және Ржевск бағытындағы шайқасқа, Орталық және Екінші Прибалтика майданының құрамында Мәскеу түбіндегі соғысқа қатысқан.
1942 жылы Абылкасимов Ш. атқыштар дивизиясының құрамында жеке барлау ротасында барлаушы болған. 1943 жылы Абылкасимов Шайкен генерал-майор Сахно М.Г. басқаруымен танк корпусының 5 штабында болған, Смоленск бағытындағы соғысқа қатысқан.
Марапаттау парағынан көшірме:
«Старшина Абылкасимов Шайкен неміс-фашистік басқыншылармен соғысқанда табандылық пен ерлік көрсетті, өз бөлімшесін асқан шеберлікпен басқарып, жауынгерлеріне үлгі болды. Витебеть өзенін кешіп, Ягодное ауылы арқылы өткен кезде қоян-қолтық ұрыста 10 фашисті жойды, оның бөлімшесі 40 фашистің көзін жойып, 6 тұтқын қолға түсірген».
КСРО Жоғары Кеңес Президиумының атынан неміс басқыншыларымен күресте басшылықтың әскери міндеттерін үлгілі орындап, ерлік пен батырлық көрсеткені үшін 2 мотоатқыштар батальонының автоматшылар бөлімінің командирі старшина Абылкасимов Шайкен ерлігі үшін медалімен марапатталды. (5 мотоатқыштар бригадасы бөлімшесінің бұйрығы. 8 тамыз 1943 ж.)»
Осы мұрағат құжаттары Ресей Федерациясының Президенті В. Путиннің 2015 ж. «Отан қорғаушылар» мұрағаттық интернет-порталын құрастыру туралы Жарлығы арқасында көпшілікке белгілі болды, оған КСРО мұрағатынан Ұлы Отан соғысының әрбір солдаты туралы мәліметтер енген.
Әкем Польша аумағында соғысты аяқтады, 44 жылдың тамыз айында ауыр жараланып, оның қолын кесті, бұл алтыншы жарақаты еді.
Әкем аймақтың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысты, әскери ерлігі мен еңбегі үшін бірнеше рет марапатталды. Бұлар: «Ерлігі үшін», «Әскери қызметі үшін», «1941-1945жж.Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, «Қызыл жұлдыз» және «ІІ дәрежелі Отын соғысы» ордендерімен марапатталды.

ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер Абылкасимов Т.Ш.
Серикбай Нурмагамбетов – Ұлы Отан соғысының жауынгері, Сталинградты қорғауға қатысқан. 1942 ж. 27 қаңтарда ауыр соғыста аталған қаланы қорғаймын деп екі танкті жарып, батальон құрамында жаудың соққысына қарсы тұрды, бірақ ауыр жарақат алды.
Свердловск қаласындағы әскери ауруханада бір аяғын тізеден жоғары кесіп, 1943 жылы мүгедек болып үйіне оралды.
Ұзақ жылдар бойы сауда жүйесінде жұмыс істеді, еңбек ардагері.
«Ерлігі үшін» медалімен, басқа да әскери және мерейтой медальдарымен марапатталды.
Канашев Калияр Канашұлы 1916 жылы туды. Туған жері – Павлодар облысы Лебяжі ауданы Тереңкөл ауылы.
1939 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылды, 1941 жылы Ұлы Отан соғысының солдаты болды. Волгоград қаласын қорғау барысында жаудың танкісін жойғаны үшін «Қызыл ту» орденімен марапатталды. Берлинге дейін барып, 1946 жылға дейін қаланы фашистерден қорғады. Соғыстағы ерлігі ескеріліп «Жеңіс үшін», «Соғыстағы ерлігі үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.
1946 жылы Отанына оралды. 1991 жылғы 13 қыркүйекте қайтыс болды.
1922ж. туған, ВКП(б) мүшесі. Майданға 1942 ж. Семей облысы Жарма аудандық әскери комиссариатқа шақырылып аттанды.
1941-1945жж Ұлы Отын соғысына қатысты;
Сталинград майданында - 1942ж. қыркүйектен бастап 1943 ж. ақпанға дейін;
Батыс майданда - 1943 ж. сәуірден маусымға дейін;
Белорусь майданында - 1943ж. шілдеден бастап 1944ж. сәуірге дейін болды;
«1 дәрежелі Отан соғысы» орденімен, мерейтой ордендерімен және медальдарымен марапатталды.
Соғыста 5 рет жараланды.
ВПК 1-рота командирі капитан Исмаиловтың 1944ж. 22 маусымдағы марапаттау парағынан: «Сержант Ташекенов С. – 76 ГВ.СД. құрамында Сталинград соғысына қатысқан. Бөлім командирі болып қарсыластарының Сталинград түбін қоршаған тобын өз бөлімшесімен 2 дзотты, 3 пулемет орнын талқандап, 30 аса немісті жойды, өзі танк гранатасымен қол пулеметі мен 6 немісті жойды. Азамат Ташекенов Днепрден өту кезінде кезекші бағыт беруші болып, жараланса да табандылық пен қаһармандық көрсетіп, өз міндетін орындауға барынша жауапкершілікпен қараған және ауруханаға барудан бас тартқан»


« Қыркүйек 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қазір 265 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931