Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

ҰОС хронологиясы

 

22 маусым. Ұлы Отан соғысының басталуы.


 

24 маусым 1941. Эвакуация бойынша арнайы Кеңес қалыптастыру. Кеңесті Н.М.Шверник басқарды. Батыс аудандардан шығысқа10000000 адам эвакуацияланды, көптеген кәсіпорындардың құрылғылары қайта орналастырылды. Соғыстың бірінші жарты жылында 1500 аса кәсіпорын эвакуацияланды.  


 

26 маусым 1941.   «Соғыс кезіндегі қызметкерлер мен жұмыскерлердің жұмыс уақытының режимі туралы» жарлық шықты. 


 

30 маусым 1941. Сталиннің басшылығымен қоса МҚК құрылды.   МҚК – бұл биліктің барлық мүмкіндігін меңгерген, кез келген мәселе бойынша жедел шешім қабылдай алатын төтенше орган.  МҚК бекіткен құжаттардың заңдық күші болды. МҚК-ға  Сталин, Молотов, Ворошилов, Маленков, Берия, Каганович енді. Кейін оған Булганин, Вознесенский, Микоян енгізілді.


 

1 шілде 1941 Неміс және румыния әскерінің Румыния   аймағынан шабуылға шығуы.


 

2 шілде 1941. Мәскеуде халықтық жасақ қалыптастырыла бастады.


 

6 шілде 1941. Жалған сыбысты таратушыларға қылмыстық жауапкершілік тағайындалды.  


 

10 шілде  - 10 қыркүйек 1941. Смоленскідегі шайқас.  Смоленскідегі шайқастың ерекшелігі Батыс, Қосымша, Орталық және Брянскі майданы әскерінің күшімен неміс «Орталық» әскері тобының шабуылын мәскеулік стратегиялық бағытта ұстап тұрып, «кенеттен болатын соғыс» жоспарына кідіріс  енгізді


 

10 шілде 1941.  Ленинградты қорғаудың басталуы. 


 

11 шілде -19 қыркүйек 1941. Киевті қорғау.


 

12 шілде 1941. КСРО мен Ұлыбритания арасындағы келісім. Келісімде Германиядағы соғысқа қарсы бірлескен әрекет қарастырылды. Келісім одақтың негізгі екі принципін ресімдеді: Германияға қарсы соғыста кез келген түрде көмек және қолдау көрсету, сонымен қатар екі жақтың келісімінсіз қарсыласпен бітімге келу немесе тілдесуден бас тарту.     


 

30 шілде 1941. Кеңестік-польша келісіміне қол қою. Келісімде Германияға қарсы соғыста өзара көмек және қолдау көрсету және КСРО аймағында польша әскерін құру қарастырылды.


 

 8 тамыз 1941. Сталиннің Жоғарғы бас қолбасшы болып тағайындалуы. 


 

29 қыркүйек - 1 қазан 1941.  Одақтастардың Мәскеудегі конференциясы.  КСРО өкілдері, Ұлыбритания АҚШ-та өзара әскери жеткізілім мәселесі туралы келісімге келді.     


 

30 қыркүйек - 5 желтоқсан 1941. Мәскеу түбіндегі шайқастағы қорғаныс кезеңі. Неміс әскерінің шабуылы Батыс, Қосымша, Орталық, Брянскі және Калинин майданы әскерімен тоқтатылды.


 

 7 қазан 1941. Брянск пен Вязьма түбінде кеңес әскерінің қоршауға алынуы.

«Орталық» әскер тобының бір жерге топтасып ашық жиналуы уақытында байқалған жоқ. Қорғау бұзылғаннан кейін Конев пен Буденный майданының қолбасшылары бөлек әрекет ете бастады. Сталин Мәскеуге жол ашық болғандығын ойлап, сасып қалды. Әскердің артқа шегінуі туралы бұйрық шығарылды, дегенмен әскер қоршауда қалды. Қоршауға Вязьма түбінде  Батыс және Резервтік майданның 4 әскері және Брянск оңтүстік  майданының екі әскері түсті. 663 мың адам тұтқынға алынды. 


 

8 қазан 1941. Мина қоюға Мәскеу кәсіпорындарының тізімін жасау.   Брянск пен Вязьма түбіндегі әскердің жеңілісінен кейін Мәскуге жол ашылды.


 

6-19 қазан 1941. Мәскеудің қоршауда қалған жағдайын жариялау. Жуков бір күні Сталиннің әбден абыржыған түрін байқады. Берии Германия қолбасшыларымен оңаша бітімге келу туралы бұйрық берді. Метро жұмыс істемеді, азық-түлік сатылған жоқ, бірақ таратылды. Көптеген мәскеуліктер аз заттарымен оңтүстік-шығысқа бет алды. 


 

7 қараша 1941. Қызыл алаңдағы әскер шеруі. Қызыл әскердің бөлігі шеруден Мәскеуден бірнеше шақырым жердегі майданға аттанды.


 

7 қараша 1941.  АҚШ президентінің декларациясы. Декларацияда ленд-лиз тәртібімен КСРО-ға әскери материалдар беру қарастырылды.


 

5 желтоқсан 1941 -8 қаңтар 1942. Қызыл Әскердің Мәскеу үшін шайқаста қарсы шабуылға шығуы. Қаңтардың басында неміс әскері Мәскеуден 100-250 шақырымға қуылды.  


 

15 желтоқсан 1941.  Батыс майданы әскерінің Киевті босатуы.  


 

16 желтоқсан 1941. Калинин майданы әскерінің Калининді босатуы.


 

20 желтоқсан 1941. Батыс майданы әскерінің Волоколамскті  босатуы.  


 

25 желтоқсан 1941 - 2 қаңтар 1942. Керченск-Феодосий операциясы. Операция барысында Күнгей Кавказ майданының әскері, Қара теңіз флотының күші және Азов әскери флоты Керчь пен Феодосияны азат етті және неміс-румыния 11-әскерін Керчен жарты аралынан қуып шықты.


 26 желтоқсан 1941.  Батыс майданы әскерінің Наро-Фоминскті босатуы

 

29 қаңтар 1942. Германияға қарсы соғыс туралы КСРО, Иран және Ұлыбритания арасындағы келісім.  

 

 


 

26 мамыр 1942. КСРО мен Ұлыбритания арасындағы келісім. Келісім елдердің одақтасуға және гитлерлік Германия мен Европадағы одақтастарына  қарсы бірлесіп соғысуға  деген ниетін және соғыстан кейінгі өзара көмек пен ынтымақтастыққа дайындығын   дәлелдеді.


 

11маусым 1942. КСРО мен АҚШ арасындағы келісім. Басқыншылыққа қарсы соғыс ашуда өзара жасалатын көмек және соғыстан кейін бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында ынтымақтастық принциптері туралы келісім.      


 

10 шілде 1942. Қызыл Әскердің нан қорын жасау туралы қаулы.


 

17 шілде 1942.  Сталинградтағы соғыс. Соғыс барысындағы түпкілікті бетбұрыстың басталуы.  


 

13 қыркүйек - 18 қараша 1942. Сталинград көшесіндегі қорғаныс шайқасы. Ставка бұйрығында екі майдан авиациясын жинау, брондалған пойыздарды жетілдіру, қарсыласты қорқыту үшін буды пайдалану талаптары жазылды.  Неміс әскері көшедегі соғыстан соққы алды.  


 

2 қараша 1942. Неміс-фашист басқыншылары мен олардың сыбайластарының  жауыздықтарын айқындау және зерттеу үшін Төтенше мемлекеттік комиссия құрылды.  


 

23 қараша 1942. Сталинград түбіндегі неміс тобы қоршауының аяқталуы.  Паулюс Сталинградтан әскерді әкетуді сұрады, бірақ Гитлер Сталин атындағы қаланы қайсе де жаулап алуды ойлады. Осыған орай, Паулюс әскері қоршауға түсті.


 12-18 қаңтар 1943. Ленинград қоршауының бұзылуы. Қоршауды Балтық флотының ықпалымен Волхов және Ленинград майданының әскері бұзды.   Қоршауға түскен жылдары 850000 тұрғын аштықтан, суықтан, бомбадан, және зеңбірек оғынан қайтыс болды. Егер қала басшылығы жағдайды алдын-ала ойластырып, тиісті шара қолданғанда құрбандар аз болуышы еді.


 

24 қаңтар - 2 ақпан 1943. Воронеж-Касторнендік операция. Оны Воронеж және Брянск майданының әскері жүргізді, операция барысында Воронежді азат етті.  


 

8 ақпан 1943. Курскті азат ету.  



5 шілде 1943. Курск соғысы. «Екі айға созылған Курск түбіндегі шайқас ең ірі танктік соғыс ретінде тарихқа енді» (Д.Боффа)


 

12 шілде 1943.  2 дүниежүзілік соғыстағы ірі танктік ұрыс - Прохоровка ауылындағы соғыс. Бір мезетте екі жақтан да 1200 өзі жүретін, шабуылшы зеңбіректі танк ұрысқа қатысты. Соғыстағы әрекет араласып кетті. Аман қалған машиналар жалын мен жанып жатқан танктердің арасында амалдап соғысты жалғастырды.


 

12 шілде - 23 тамыз 1943. Курск түбінде кеңес әскерлерінің қарсы шабуылға шығуы.  Қарсыласын әлсіретіп, Қызыл әскер қарсы шабуылға шықты. Оған Брянск, Батыс, Орталық, Воронеж және Степной майданы қатысты. 5 тамызда Орел мен Белгород,  23 тамызда Харьков азат етілді. Осылай Курск ұрысы тоқтатылды.


 

5 тымыз 1943. Мәскеудегі Қызыл әскер жеңісінің құрметіне орай бірінші салют. Ол Орел мен Белгородты азат еткені үшін берілді.   


 

Қыркүйек – желтоқсан 1943.   Днепр үшін шайқас. Қыркүйекте Днепр үшін ірі шайқас басталды, оның барысында неміс әскерінің мықты қорғаныс линиясы - «Шығыс дуалы» күйреді. Адамдардың жартысы жүзіп, кейбірі қарапайым салмен басқа жағалауға өтіп, әрі қарай шабуылдауға плацдарм жасау үшін сонда бекінбек болды.   


 

8 қыркүйек 1943. Оңтүстік әскерінің Донецкті азат етуі.  


 

16 қыркүйек 1943. Новороссийскті азат ету. Қаланы азат етуге Солтүстік-Кавказ әскері Қара теңіз флотымен бірлесіп қатысты.


 

28 қазан 1943. КСРО Жоғары кеңесінің фашистердің астыртын айдап салушылары туралы жарлығы шықты. 1943-1944 жылдардың қазан-қараша айларында  Алтай мен Красноярск өлкесіне, Омбы мен Новосибирь облыстарына және Орта Азияға калмақтар (140000), татарлар (200000), шешендер (400000), ингуштар (100000), карачайлықтар (80000), балгарлықтар (40000) қоныс аударды.  


 

12 желтоқсан 1943. КСРО мен Чехословакия арасындағы соғыстан кейінгі ынтымақтастық пен достық туралы келісім. 


Желтоқсан 1943. Вермахт әскерінің қарсы шабуылына тойтарыс беру.   

24 желтоқсан 1943 - 12 мамыр 1944. Украина мен Крымның оңтүстік жағалауын азат ету.  



 

14 қаңтар 1 наурыз 1944. Ленинград-Новгород операциясы. Ленинград, Волхов және 2-Балтық майданының әскері шабуылға шықты. Операция нәтижесінде Ленинградты толық қоршаудан шығарды.


 

20 қаңтар 1944. Волхов майданының әскері Новгородты босатты.  


 

8 сәуір - 12 мамыр 1944. Крым операциясы. Крымды Қара теңіз флотының ықпалымен 4-Украина майданы және Жеке Теңіз жағасындағы әскер босатты. 


 

9 мамыр 1944. Қара теңіз флотының күші мен 4-Украина майданының әскері Севастопольді босатты.


 

20 маусым 1944. Ленинград майданының әскері Выборгты азат етті.


 

17 шілде 1944. Мәскеу арқылы неміс әскері тұтқындарының колоннасы өтті. 


 

24 шілде 1944. 1-Белорусь майданының әскері Люблинді босатты.  


 

12 тамыз 1944.   Болгария үкіметіне кеңес үкіметінің жасаған өтініші. Өтініште фашистік Германиямен қарым-қатынасты үзу талап етілді.


 

5 қыркүйек 1944. КСРО Болгариямен соғыс жағдайын жариялады.


 

8 қыркүйек 1944. Кеңес әскерінің Болгарияға енуі.


 

15 қыркүйек 1944. Кеңес әскерінің Софияға енуі.  


 

19 қыркүйек 1944. Финляндиямен бітімге қол қойылды. КСРО мен Ұлыбритания да бітімге қол қойды. Финляндия Германияға соғыс жариялады.  


 

Қыркүйек – қазан 1944. Балтық жағалауында неміс әскерін талқандау. 


 

23 қыркүйек 1944. Кеңес әскерінің Венгрияға енуі.


 

6 қазан 1944. Кеңес әскерінің Чехословакияға енуі.



23 қазан 1944.  Францияның уақытша үкіметін мойындау.  Францияның уақытша үкіметін Ұлыбритания, КСРО мен АҚШ үкіметі мойындады.  



14 қараша 1944.  Германиядағы бақылау механизмі туралы келісім. Келісімге Ұлыбритания, КСРО мен АҚШ өкілдері қол қойды 


 

10 желтоқсан 1944. Кеңестік-француздық келісім. Одақ пен өзара көмек туралы келісім тараптарды Германияны толық жеңгенше және Германия тарапынан соғыстың жаңа қауіпін болдырмаумен бірлесе күресуге міндеттеді.

17 қаңтар 1945. 1-Белорусь майданының әскері Варшаваны азат етті. 


 
20 қаңтар 1945. Венгриямен бітім жасау. Бітімге одақтастардың өкілдері бір жағынан және Венгрия өкілдері екінші жағынан қол қойды.


 

30 қаңтар - 9 сәуір 1945. Кенигсбергтегі неміс тобын қоршау және талқандау. Бұл Шығыс- Прусск операциясының шарықтау шегі болды. Жақсы қорғалған және барлық керек-жарақпен жабдықталған қала ұзақ уақыт берілмеді, дегенмен берілуге мәжбүр болды.  


 

13 ақпан 1945. Будапештті азат ету.. 


 

19-31 наурыз 1945.  Халықтық-демократиялық Чехословакияның үкіметін құру туралы шешім қабылданды.


 

4 сәуір 1945. Братиславаны азат ету.  


 

9 сәуір 1945. Кеңес әскерінің Австрия аймағына енуі. Австрия басқыншылығының зонасы туралы келісім. 


 

13 сәуір 1945. Кеңес әскерінің Венаны алуы. 



16 сәуір - 2 мамыр 1945. Берлин операциясы. Берлин операциясы  «...екінші дүниежүзілік соғыстың ең қиын операциясы» болды. (Г.К.Жуков)


 

25 сәуір - 26 маусым 1945. КСРО-ның Сан-Францискодағы Біріккен Ұлттар конференциясына қатысуы.  


 

30 сәуір 1945. Жеңіс туының рейхстаг үстіне ілінуі.   


 

2 мамыр 1945. Берлиндік вермахт тобын талқандау аяқталды.  


 

8 мамыр 1945. Германияның тізе бүгуі. «Бір кезде залдағы қысым жойылды. Ол деміңді ұзақ уақыт кеудеңде ұстап тұрып, бірден шығарғандай әсер қалдырды. Жалпы жеңілдеген, босаңсыған дем. Тізе бүгу нақтыланды. Соғыс бітті!» (К.Симонов) 


 

9 мамыр 1945. Ұлы Отан соғысының аяқталуы.  


« Желтоқсан 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931