Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

ҰОС жылдарындағы павлодарлықтар

Сұрапыл соғыс павлодарлықтар үшін 1941 жылдың 22 маусымында күндізгі сағат 3-те басталды.

Таңертең мектеп оқушылары «Ударник» кинотеатрына «Если завтра война» атты фильмді көруге асықты. Қала тұрғындары базарда керосин сөрелерінің маңындағы кезекте тұрды. Қалалық стадионда омбылық және павлодарлық «Динамо» құрама командалары арасындағы футбол да қызықты өтіп жатты, бейбіт жексенбілік өмірді ештеңе бұза алмайтындай еді.

Бірақ радиодан сағат 3-те КСРО Халық Комиссариаты Кеңесінің орынбасары Молотовтың неміс әскерлерінің тұтқиылдан шабуыл жасауы жайлы суық хабарламасы жарияланды.

Кеңес Одағына жау әскерлерінің кіруі халқымыздың Отанына деген патриоттық сезімін ұлғайтты. Павлодар облысының барлық 448 ауданы мен ауылдарында митингтер өтті. Митингтен кейін көптеген адамдар жергілікті әскери комиссариаттарға соғысқа аттану өтініштерін білдірді. Соғыстың бірінші айында 538 өтініш түсті.

Ұлы Отан соғысына 46 мың павлодарлық қатысты, оның ішінде Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғандар - 32, Толық Даңқ Ордені иегерлері-8.

Германия әскерінің бірінші соққысы Брест қаласына тиді. Брест бекінісінің қорғанысы 1941 жылы 22 маусымнан бастап 22 шілдеге дейін созылған. Бір ай бойы Брест қамалын қорғаған Қызыл әскер жауынгерлері осы шайқаста ұмытылмас ерлік көрсетті.

Брест қамалын қорғаған қаһармандардың бірегейі жерлесіміз -Жұматов Ғаббас. Баянауыл өңірінен шыққан Ғаббас Жұматұлы соғыстың бірінші күнінен бастап 6-атқыштар артполкі құрамында Брест бекінісінің Оңтүстік қаласын қорғап, бірінші шайқаста жаудың 18 танкісін жойған. Мәскеу түбіндегі шайқаста да асқан ерлігімен көзге түскен. Екі рет жараланып, соғысты Австрия астанасы – Венада аяқтаған. Бүгінгі күнде 38 марапат иегері, "Алтын гүлшоғымен" де марапатталған.

Украинаның Ровно қаласында павлодарлық Кузьма АлександровичСеменченко көзге түсті. Ол Бірінші дүниежүзілік майдандасоғысты, 1919 жылы 23 жасында Қызыл әскер қатарында болды, азаматтық соғысқа қатысты. Ұлы Отан соғысында Кузьма Семенченко генерал-майор, 19-танк дивизиясының командирі болды.

24 маусым, соғыстың үшінші күні оның дивизиясы Владимир-Волынск жолына жылжыған неміс-фашист танкісіне қарсы соғысқа шықты. Гитлерліктердің күші басым болды. Бірақ генерал К.Семенченко брондалған машинамен қарсы аттанды. Ұрыс нәтижесінде қарсыласы 16 танк жоғалтып, қозғалысы бәсеңдеді.

1941 жылғы 22 шілдедегі КСРО Жоғары Кеңесінің Жарлығымен  Кузьма Александрович Семенченкоға қазақстандықтардың ішінде бірінші болып Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 

 

Габбас Жуматов Кузьма Семенченко

Мәскеу түбінде Лебяжі ауданы Тақыр ауылының тумасы, аты аңызға айналған гвардия подполковнигі, генерал Доватордың атақты ат полкінің 51-кавполк комиссары Абылхаир Баймульдин асқан ерлікпен соғысты. Полк Волоколамскіден алыс емес Кузяево ауылындағы неміс қорғаныс пунктін басып алу туралы бұйрық алды. Полк комиссары екі эскадронмен қарсылас тылына соққы берді. Полктің қалған күшімен А.Баймульдин ауылды қоршап, төрт сағаттық соғыстан кейін, 60 адамды тұтқын етіп оны басып алды.

Дивизия политбөлімінің басшысы былай жазды: «А.Баймульдин Волоколамск түбінде төрт рет өзінің әскерін шабуылға шығарды... Тек ауыр жараланғаннан... кейін ғана госпитальға түсті».

Асқан ерлігімен және сирек кездесетін мықтылығымен сүйіспеншілікке ие болды. Оның сарбаздары күтпеген жерде жау тылына еніп, тыл қызметі мен жұмысын талқандады, тірі күшті жоюға әрекеттенді. А.Баймульдин 4 тілде еркін сөйледі, Мәншүк Мәмедованың тәлімгері болды.  А.Баймульдин Невель қаласының түбіндегі соғыста, дивизия командирінің орынбасары болған кезінде қаза болды. Соғыс тарихында оның «тұтқиылдан шабуылдау шебері ретінде» аты қалды.   

Гитлердің Мәскеуді қоршау және басып алу туралы жоспарының күйреуі неміс-фашист әскерінің екінші дүниежүзілік соғыстағы бірінші жеңілісі еді. Бұл бүкіл Европаға танылған және әлі күнге дейін жеңілмейтін болып есептелетін гитлер әскерінің бірінші күйреуі болды.  

1942 жылдың басындағы Қызыл Әскердің Мәскеу түбіндегі қарсы шабуылы, кеңес әскерінің барлық майдандағы жаппай  шабуылына ұласты. Фашист сарбаздары тұқынға түсіп, оларға  кеңес жауынгерлері емес, «генерал Винтер» («генерал Қыс») соққы береді деп ойлады. Шынында неміс жауынгерлерінің арасында үсікке шалдыққандар көп болды. Гитлерліктер суықтан қорғану үшін соломадан етік сыртынан киетін киім тоқыды, кез келген жылы киімдермен, тіпті әйелдердің шәлісімен суықтан қорғанды. 

Фашисттердің сәтсіздіктеріне орыс қысы себеп болған жоқ, Қызыл Әскер соғыстан тәжірибе алып, күшті әрі зиянды жауға соққы беруге үйренді.  Көктем жақындаған сайын Қызыл Әскердің шабуылы бәсеңдеді. Кеңес әскері ұзаққа созылған соғыстан қажуға айналды.

Абылхаир Баймульдин

Алты жарым ай бойы үздіксіз соғысқан және көптеген әскердің жұмылуына себеп болған Сталинград түбіндегі шайқасқа бес қазақстандық дивизия және бірнеше павлодарлық жауынгерлер қатысты.

Сталинград түбіндегі және қаланың өзіндегі соғыста Кеңес Одағының Батыры Құдайберген Сұрағанов, Даңқ Орденінің кавалері Сапар Рубаев асқан ерлік көрсетті.

Сонымен қатар, Сталинградта 51-саперлік батальон командирі   Кеңес Одағының Батыры Максим Иванович Милевский  атақ алды. Өзі және саперлері Сталинградтағы қорғаныс күндері түні бойы алдыңғы өлкені, қарсыластары жүретін жолды миналады, жау миналарын залалсыздандырды, мина алаңдарынан танк пен жаяу әскер өтуге жол салды. Мұндай жұмыстар оңай болған жоқ. Көбі қаза болып, кейбірі жарақат алып жатты. Бірақ олар орнатқан миналардан қарсыластардың жауынгерлері мен офицерлері қаза тауып, жау танктері мен самоходтары жойылды.  

Сталинград түбінде гитлерлік әскер жеңіліске ұшырап, фашистік Германияның күйзелісіне себеп болды, осыған орай 3 күндік қайғылы күн жарияланды. Осы уақытта Сталинград түбіндегі жеңіс Қызыл Әскер жауынгерлеріне мықты рух берді.  1943ж. қаңтар айының басында кеңес әскері кеңес-герман майданының барлық оңтүстік бөлігіне жаппай соғыс ашты.  

Кудайберген Сураганов Сапар Рубаев Максим Милевский

 


Орлов-Курс шайқасы ҰОС барысындағы Стлинград түбіндегі жеңістен басталған  түбегейлі төңкерісті айқындады. 

Курскіде неміс-фашист әскерін талқандағаннан кейін, Қызыл Әскер Қара теңізге дейінгі майданда жалпы стратегиялық шабуылға шықты. Қызыл Әскердің соққысынан шегіне отырып, гитлершілер Днепр және Молочная өзендерінің сағасына орнатқан қорғаныс шебіне үлкен үміт артты, оны «Шығыс дуал» деп атады.

Кеңестік-герман майданындағы 1943 жылдың күзі ерекше оқиғаға толы болды. Олардың есте қаларлығы Киевті босату және Днепрді азат ету болды.

Кеңес әскері Днепрді азат етуге майданнан жеті жүз шақырымда бастады. Днепрді алуда ерекше көзге түскен біздің жерлесіміз – орудия командирі Ақтоғай ауданының тумасы  Серікбай Муткенов. Немістер басып алған плацдармның батыл жауынгерлерін өзенге итеріп жіберуге бекінді. Оқтар мен бомбалардың дауысы айналаны жаңғыртып, жерді сілкіндірді. Солдаттар  бірінен соң бірі құлап жатты. Танктер де атуын тоқтатпады. Муткенов барынша атысты. Ол тасадан ортаңғы танкті атып салды. Аға сержант осы соғыста қырыққа дейін солдат пен офицерлерді атып, батальонның  тапсырманы орындауына мүмкіндік берді. Бірақ жау оғы оны өмірден алып кетті. Көзсіз батырлығы үшін  Серікбай Муткеновке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.  

1943 жылғы қыркүйектің соңында гвардияның танкіге қарсы дивизионының нысанашысы болған старшина Михаил Максимович Катаев (Қашыр ауданының тумасы, соғыстан бұрын бухгалтер болып жұмыс істеген)  қатарында болған 7-гвардиялық ковалерлік корпустың бөлігі Днепрге беттеді. 1943 жылғы 26 қыркүйектен 27 қараған түнде М. Катаев қарсыластарының күшті оғының астынан өтіп,  сал жасап, Днепрдің батыс жағасына бағыт алды. Өзеннің ортасында сал сынып қалды, дегенмен старшина сасқан жоқ, толық оқпен қаруланған ол суға түсіп кетті.  

Катаев жағаға бірінші болып жетіп, қарсыластарына шабуыл жасады, ол осылай Днепрді алуға мүмкіндік берді.

1944 жылғы 15 қаңтарда М.М.Катаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.  

Серикбай Муткенов Михаил Катаев

 

Соғыс жылдары «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін» ұранымен жауынгерлерге арналған жылы және іш киімдер майданға жіберілді.

Павлодар облысының тұрғындары қымбат киімдерін майдандағы жауынгерлерге жіберді. 1942 жылы Қызыл Армия күні майдангерлер павлодарлықтардан жалпы салмағы 17 мың кг. болатын 1264 посылка алды. Соғыс жылдары майданға барлығы 10360 жұп пима, 4190 шолақ тон, 10709 құлақшынды тымақ, 1639 тері желеткелер, он мың жұптан  аса тері қолғаптар, мақта фуфайкалар мен шалбарлар және басқа бұйымдар жіберді.

Төрт жылдың ішінде соғыс техникасын құрастыруға, мемлекеттік (әскери) қарызға және ұтыс билеттерін алуға павлодарлықтар мемлекетке реттік жарна түрінде 202 миллионға жуық ақша берді.

Қайырбек Баженеев, Жақия Жаңатаев, Ғаббас Ыдырысханов сияқты тұлғалар қорғаныс қорына жүз мыңнан астам ақша аударды.                                 

Соғыс басталған уақыттан бастап колхоздар (ұжымшар) мен МТС және совхоздардағы (кеңшар) барлық жұмыс ауыртпалықтары әйелдер мен жасөспірімдер және қарттардың мойнында болды. Мектептегі оқу көктемгі егіске дейін аяқталып, оқушылар ересектермен бірге таңның атысынан күн батқанша, егісте жер жыртудан бастап бидай масақтарын жинауға дейінгі жұмыстарды атқарды. Егіс шаруашылығында еңбектің звенолық түрі «Жоғары еңбек звеносы» ұйымдастырылды. Мұндай звенолар 1942 жылы Успенка ауданындағы «Отөзек» колхозында Анна Дацкова, 1943 жылы сәуір айында «Қызылқоғам» колхозындағы мұғалім Мүнира Сатыбалдина, Балтабай Сомжүрекованың бастауымен құрылды.  Облыс көлеміндегі звено саны 388 құрады.      

Сонымен қатар, өнеркәсіп түрлері - кеме жөндеу, сыра қайнату және балық зауыты, ет комбинаты, жергілікті өндіріс кәсіпорындары және кәсіптік артельдер құрылды. Облыс аумағында Табылжан және Коряков тұз орындары мен  «Павлодартұз» тресті жұмыс істеді. Майқайың алтын кен өндіру комбинаты, Екібастұз және Жамантұз көмір өндіру кәсіпорындары іске қосылды.

Краснодар қаласынан «Октябрь» механика зауыты Павлодарға көшіріліп, керекті құрал-саймандар шығарылды. Туладан тері фабрикасы, Полтавадан былғары зауыты көшіріліп, Павлодар тігін фабрикасы ашылып, әскери шинел, мақта-мата костюмдері және ішкі киімдер тігілді.

Соғыс жылдары Павлодар облысында үш эвакоогоспиталь орналасты, №2924, №2448 – Павлодар қаласында, № 3604 Цюрупин ауданындағы Шарбақты станциясында орналасты.

1941 жылғы 9 қарашада Павлодар қаласына алғашқы санитарлық пойызбен жаралы сарбаздар эшелоны келді. № 2448 экогоспитальға осыған дейін сүт техникумы, педучилище және №8 орта мектеп орналасқан қаланың ең таңдаулы ғимараттары берілді. Эвакогоспиталь 1941 жылдың қараша айынан бастап 1943 жылдың сәуір айына дейін жұмыс істеп, 600 орынға шағымдалды, бірақ емделушілер саны 712 адамға дейін жетті.

1942 жылдың бірінші тоқсанында №2448 госпитальда 241 хирургиялық операция, 18 қан алмастыру жүргізіліп, 190 гипс тағылды, ренген кабинетінде 336 сурет және 556 ренгеноскопия жүргізді.

1942 жылғы 16 қарашада №3604-экогоспиталь Шарбақты станциясында орналаст. Жарадан қайтыс болган жауынгерлер Пахомов моласында бауырластар бейітіне жерленді. 

Донорлар жаралы жауынгерлер үшін қан тапсырды.  Мысалы, Жихорская Раиса 65 литр қан тапсырып 240 адамның өмірін аман сақтап қалды. Кирюшкина Валентина КСРО-ның екі мәрте құрметті доноры атанып, 41,3 литр  қан тапсырған.

Қаһарлы соғыс жылдарының қатаң тәртібінің бірі халықты жаппай әскери оқыту мен қаруды қолдануға үйрету. 1941 жылдың маусым-шілде айларында Павлодар облысының 355 қыз-келіншегі медбике курсын тәмәмдап, 1400 адам санитарлық қорғанысқа дайындау үйірмелерінде оқыды.

Өз Отанынан жырақтаған әскери тұтқындардың көбі «темір тордың ар жағында» соғыс жүргізді, олар фашизмді жеңуге өз үлесін қосты. Оларды «көзге көрінбейтін майдан» батырлары деп айтуға толық негіз бар.  

«Көзге көрінбейтін майдан» батырының бірі біздің жерлесіміз, математика мұғалімі және Черноярка мектебінің директоры Григорий Сергеевич Екимов болды. Әскер қатарында болған Григорий және Павел – екеуі де фин соғысына қатысушылар,  1941 жылғы 18 маусымда үйге жиналғанын соңғы хатында Павлодардағы туыстарына хабарлады, бірақ төрт күннен соң соғыс басталды, КСРО-ның батыс шекарасында Брест қамалы аймағында болғандықтан, екі ағайынды оған бірінші болып аттанды. Григорий ауыр жараланып тұтқынға түсті, сосын концлагерьге жіберілді, ол бірнеше мәрте қашып шыққандықтан, Бухенвальд – ажал лагеріне (одан ешкім қашып көрген жоқ) жіберді. Екимов астыртын лагерьмен байланыс жасап, басшыларының бірі болды. Астыртын лагерь тұтқындардың төңкерісін дайындады. 1944 жылғы тамыз айында Бухенвальдта неміс коммунисттерінің басшысы Эрнст Тельман қайтыс болды, қайғылы митинг өткен соң (ол құпия түрде өтті) Григорий Екимов және бірнеше активистер бір активист жөнінде айтқаны үшін  ұсталды және қатаң жазадан кейін   Веймар түрмесінде Григорий Екимов (ол жауап беруден бас тартқан кезде «мойындау камерасына қамады» - 70-те 140 сантиметрден тұратын темір жәшік, артқы қабырғасы камерадағы жылуды 50 градус ыстыққа дейін жылу беретін 2 тұрбадан тұрады) қайтыс болды.

Тұтқыннан ешқандай жауап ала алмаған соң олар Бухенвальдке алып келді, онда Григорий өзінің лагерьдегі танысы Михаил Левшенковтың қолында қаза болды.

Екимов өз өмірін құрбан ете отырып, Бухенвальдтың 20 мыңнан астам тұтқынын қорғап қалды. Дегенмен лагерьде төңкеріс болды. Тұтқындар лагерь күзетін жойып, азат күйде Кеңес Әскеріне қосылды. Бірақ олардың арасында Григорий Екимов болған жоқ. 

 

Григорий Екимов

 

Біздің жерлестеріміздің көбі партизандар отрядында және Украина мен Беларусияның құрамасында болды. Олар жолда шабуыл жасады, темір жолды істен шығарды, ауылдардағы неміс гарнизондары мен пункттеріне соққы берді, Қызыл Әскерге бағдар беретін  мәлімет жинады.

Беларусия аймағындағы  65 бригада мен отрядта бір жарым мың қазақстандық болды.  Олардың арасында біздің жерлесіміз Баянауыл ауданының тумасы Жылбек Ағадилов та болды.

1941 жылғы жазда Жылбек Ағадилов жұбайы Жамалмен бірге батыс шекараға кетті. Ал маусым айында соғыс басталды… Жамал бала күтіп жүрді. Жылбек солдаттар тобымен шығысқа өтіп, партизан отрядына қосылды. Сосын Жылбек Жамалмен кездесті, 27 қарашада олардың отбасында Майя атты қыз бала дүниеге келді. Партизан Жылбек өз отбасымен бірге 1943  жылы Клетнян отрядында болып, 1945 жылғы мамыр айына дейін соғысты. 

2003 жылы партизан отбасының құрметіне орай Ағадиловтар отбасы тұрған Генерал Дүйсенов көшесіндегі үйге мемориалдық тақта қойылды.

1944 жылдың басында  күш тепе-теңдігі Кеңес Одағының пайдасына өзгерді, Қызыл Әскер жаудың әскерінен басым болды. Кеңес танкілері, самолеттер, артиллерия немістікінен біршама жақсы және саны да көп болды. Артиллериялық қарулардың саны соғыс жылдары 5 есеге өсті, танкілер 15 есеге, самолеттер 5 есеге артты. Соғыс жылдары Қызыл Әскер кадрлары артты әрі шынықты.    

Әскери жағдай Кеңес Одағына қарай өзгергенін бүкіл әлем байқады, ол одақтастарының көмегінсіз, өз күшімен фашистік Германияны талқандай алатынын білді. Сол кезде 2 жыл кешігіп, англо-америкалық әскер Солтүстік Францияға кірді. Екінші майдан 1944 жылғы 6 маусымда ашылды.  

Жаудың жағасына өз ротасымен бірінші болып Ақсу ауданы Жолқұдық ауылының тұрғыны лейтенант Қанаш Камзин енді. Кішкентай плацдармды басып алып, лейтенант жауынгерлерін шабуылға шығарды. Бөлімше бірінші, сосын екінші траншеяны азат етіп, ұзақ уақыттық от көздерін жойды және Гура-Быкулай ауылының оңтүстік шетіне беттеді. Тоқтамай атқылап биіктікті алды, сосын оны негізгі күш келгенше ұстап тұрды. Осы ұрыста Камзин қарсыластарының 20 солдаты мен офицерін жойып, өзі ауыр жараланды. Осы ерлігі үшін ол Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.   

Шауляй (Литва) қаласының батысында қарсыластар қорғанысты бұзып, қалаға бет алды. Неміс басқыншылары  Курляндиядағы 400 мыңдық топтан қауіптенді, біздің бөлімдерді Балтиканың жағалауынан алысқа әкету қадамы жасалды. Ауыр соғыс күні түні тоқтамады. Павлодарлық Махмет Каирбаев артиллерия батареясын басқарды. Соғыс деректерінде оның ерлігі туралы былай жазылған: «Аға лейтенант қаруды ұтымды қолданды, ол өз батареясының күшін жаудың соққысына қарсы қоя білді. Жаудың автоматтан атқан оғына автоматты қарумен оқ жаудырды, сонымен қатар гранатамен және қолмен соғысты. Ауыр аймақтарда болып, қарамағындағыларға үлгі көрсетіп, ерлікке үндеді. Бір күннің ішінде оның батареясы қарсыластарының танкілері мен жаяу әскеріне 12 соққы берді. Батарея 5 «тигрді», 1 бронетранспортерді, 2 автомашинаны жағып, қарсыластың 170 солдаты мен офицерін жойды.Махмет Каирбаевтің өзі 20 гитлершіні жойды. Барлық соққыға төтеп беріп, басып алған аймақты ұстап тұрды».     

Махмет Каирбаев ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Оның батареясының 76-миллиметрлік пушкасының бірі Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы. Осы пушкамен  Белоруссия, Латвия және Литвада 10 танкіні, 14 пулеметті, 2 автомашинаны жойып, 8 дзотты және 3 бақылау пунктін талқандады.

1944 ж. қырғын соғыста кеңес әскери күштері фашистік германия әскері мен оның одақтастарына өте қатты соққы берді, басқыншылардан бүкіл Кеңес аймағын тазартты және КСРО-ның Баренцевтен Қара теңізге дейінгі мемлекеттік шекарасын қалпына келтірді.  

Кіші сержант Иван Васильевич Бабин, Железинка ауылының тумасы, Александр Матросовтың көзсіз ерлігін қайталады, оны ерліктің шыңы деп айтуға болады – соғыс операциясының табысы  үшін ажалмен бетпе-бет келді.

1944 жылғы 13 қыркүйекте Конты (Польша) ауылы үшін немістер тайсалмай қарсылық білдірді. Басталған шайқаста Бабин алдыңғы шепте болды. Ұрыста Бабин автоматпен 17 неміс содатын, 2 офицерін жойды. Қатты соққыны көтермеген немістер траншеяларын тастап, ауылға қаша бастады. Өздері қашып бара жатып пулеметтен оқ жаудырды және эскадронның шабуылын тоқтатты. Иван Васильевич оны бірінші байқады. Пулеметке төрт шақырым жақындап келіп, жолдастарының алдында тік тұрып: «Отан үшін, алға!» деп айқайлап, пулеметті денесімен жапты. Өз өмірін қиып, 3-эскадрон гвардиялықтарына соғыстағы міндеттерін атқаруға мүмкіндік берді. Оған қайтыс болған соң Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.  

Ұшқыш павлодарлық Спартак Иосифович Маковский  әуедегі соғыста өз ұшағымен мессершмитке соққы берді. Сосын жау ұшағы әуеде жарылды. Тағы бір кезде оның жолдасы жау аймағында кенеттен қонуға мәжбүр болғанда Спартак Маковский жүгірген немістерге қарамастан өзінің машинасын ашық алаңға қондырып, жараланған жолдасын алып, ұшып кетті.    

1944 жылғы 12 сәуірден 13 қараған түнде 429-атқыштар полкінің бірінші батальоны қарсыластың минометтік және артиллериалық отының астында Молдованың Тираспольский ауданында Вычек ауылының аймағында Днепрді азат етті.    

1944 жылғы 16 қазанда біздің әскеріміз гитлершілердің қорғанысын бұзып, Шығыс Пруссия аймағына енді, Голдап қаласын жаулап алды. Гитлершілер Голдапты қайтаруға бар күшін салды. Он күн толассыз соғыс болды. Жағдай ушыққан кезде, қоршау қаупі төнгенде, қаланы қорғаушылар шегінді. Шегіністі 611-атқыштар полкі жабу керек болды, бірақ ол да бір тәуліктен кейін қоршауға түсті. 

Түн қараңғылығы түскен кезде полк штабы кетпек болды. Осында ту ұстаушы аға сержант Андрей Николаевич Елгин (Қашыр ауылынан) болды. Олар алдымен сазды жермен жүрді, сосын орман арқылы, аса биік емес белеске шықты.

Топты траншеяда отырған қарсыластың солдаты көріп қойды. Елгин граната лақтырды, құлап бара жатқанда кеуде тұсының  қатты ауырғанын сезді. Кенеттен көрінген ракета оны тауып алды. Оған бөтендер де өзінікілер де жүгірді, олардан бұрын немістер жетті. Елгин гранатаны лақтырып, автоматты кезенді. Сегіз гитлершіні құлатты. Жауынгер бар күшін жинап көтерілді және бірнеше қадам жасады. Осы мезетте қарсы атылған оқтан құлап түсті. Қасиетті полк туы құтқарылды, ал Батырдың денесі жер қойнына берілді. 

Кеңес Әскері алға жылжыды. Соғыс гитлерші Германияның астанасы – Берлинге жақындады. 16 сәуірде Берлин үшін шайқас басталды. Алғашқылардың бірі болып, Берлиннің жанындағы Шпандау қаласына Иван Илларионович Кривенконың танкісі енді, ол Ақсу ауданы Марковка ауылының тумасы. Қала бағында фашист гарнизонын қуып, қалада қырықтан аса машинаны, он пушканы басты. Берлинге соңғы шабуылдың түнінде Шпандау қаласына баратын неміс танкілерінің жолын жапты, «Пантераны» өртеді.    

Берлиннің құлағанын бүкіл әлем біледі. Гитлершілер осында барынша қорғанды. Әр квартал, әрбір үй,  әр қабат сайын қиян-кескі соғыс жүріп жатты. Әскер қабырғаларды қирата алға қарай жылжыды. Көше соғысына Қашыр ауданы Тимофеевка ауылының тумасы, Кеңес Одағының Батыры Василий Васильевич Степаненко, Павлодардан Даңқ орденінің иегері Павел Пантелеевич Больбот қатысты.

2 мамырда таңертең соғыс тынышталды, тірі қалған фашистер ақ туларын құлатып, тізе бүгу белгісін берді.

1944 ж. 8 мамырда неміс-фашист басқыншылары қарсыласуды тоқтатуға және  Германия қарулы күштерінің берілуі туралы актіге қол қоюға мәжбүр болды.

Ұлы Отан соғысының аяқталуына орай 9 мамыр барлық халықтар үшін Жеңіс күні мерекесі болып жарияланды.

1945ж. 9 мамырда Павлодарда кәсіпорындар мен мекемелердің  ғимараттарына ту ілінді. Таңертеңгі сағат 9-да көшелерден ту, суреттер көтерген қалалықтар өтті. Барша халық Бірінші мамыр алаңына митингке жиналды.   

1945ж. 24 маусымда Мәскеуде Қызыл Алаңда тарихи Жеңіс шеруі өтті.

ҰОС жылдары қаза болған павлодарлықтарды еске алу құрметіне орай 1975 жылғы 9 мамырда Бірінші мамыр алаңында Даңқ ескерткіші ашылды.    

Махмет Каирбаев Иван Бабин Спартак Маковский Андрей Елгин
 
Иван Кривенко Василий Степаненко Канаш Камзин  

 


« Желтоқсан 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қазір 1296 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931