Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

Казақстан Республикасы - зайырлы мемлекет

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы басты құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, кұқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде өзін орнықтырады.

 

ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ – ОЛ:                                            

  • - мемлекеттің діннен және діни бірлестіктерден бөлінуі;
  • - азаматтардың дінге деген көзқарастарына қарамастан  теңдігі;
  • - азаматтардың дінді таңдауғажәне діннен бас тартуға құқығын қамтамасыз ету;
  • - рухани оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарында қандай да болсын дінді насихаттауға жол бермеу;
  • - қоғамда әлеуметтік қатынастарды діни догмалармен емес, елдің заңдарымен реттеу.

 

Дестуктивті діны ағымдардан сақ болыңыз! 

Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатер төндіреді.

Олардың жақтастары:

  • -   Қазақстанда тұратын барлық этностардың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін (Наурыз мейрамын тойлауды, қазақ халқының «бет ашар», «сәлем салу» салттарын, өмірден озған жандарға Құран бағыштауды және т.б.) жоққа шығарады;
  • - зайырлы мемлекеттерге және зайырлы өмір сүру салтына қарсылық танытады;
  • - мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді құрметтемейді;
  • - мазхабтарды (Орталық Азияда және мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында орныққан діни мектептерді), оның ішінде Қазақстанның көпшілік мұсылмандары ұстанатын ханафи мазхабын жоққа шығарады;
  • - дәстүрлі исламды ұстанатын мұсылмандарды күпірлік жасайды да айыптайды, өзге діндердің өкілдері мен дінді ұстанбайтын адамдарға төзімсіздік танытады;
  • - заманауи мәдениет және өнер түрлеріне (музыка, балет, бейнелеу өнері және т.б.) өшпенділік танытады;
  • - заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет ету, міндетті орта білім алу және т.б.)орындаудан бас тартады;
  • - медициналық рәсімдердің кейбір түрлерінен (қан құю, вакцинация, ағза мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады;
  • - білім мекемелеріндегі жекелеген пәндерге (биология, дене шынықтыру, ән-күй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады.

Сіз дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша сенімді ақпарат алғыңыз келсе, келесідей сайттарға жүгінуді ұсынамыз

 

  1. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми интернет-ресурсы -«www.din.gov.kz»
  2. «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы»  РММ-нің сайты«niac.gov.kz»
  3. «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ-нің сайты - «mckr.kz»

 

Сіз ислам дінінің мәселелері бойынша сенімді ақпарат алғыңыз келсе, келесідей сайттарға жүгінуді ұсынамыз

 

  1. 1. «e-islam.kz»
  2. 2. «muftyat.kz»
  3. 3.  «azan.kz»
  4. 4. «muslim.kz»
  5. 5.  «ummet.kz»
  6. 6. «sunna.kz»
  7. 7.  «fatua.kz»
  8. 8.  «islam-atyrau.kz»
  9. 9. «mazhab.kz»
  10. 10. «islam.kz»

ШЫНАЙЫ ЖИҺАД – өз нәпсіңмен күрес

Радикалдыдіни ағымдардың өкілдері исламдағы «жиһад» ұғымын қате түсінеді. Олар жиһадты басқаларға қарулы соғыс жүргізу деп ұғады.

Ал шындығына келгенде «жиһад» сөзі араб тілінен аударғанда белгілі бір нәтижеге, мақсатқа жету үшін адамның  қажыр-қайрат жұмсауыдеген мағынаны білдіреді.

 

Шынайы жиһад дегеніміз: 

  • әркімнің өз кемшіліктерін түзеуі;
  • өзіңнің ішкі дүниең мен жүрегіңді тазарту;
  • өз бойыңдағы қызғаншақтық, қанағатсыздық,
  • жалқаулық, тәкаппарлық секілді жаман қасиеттерден арылу;
  • өз бойыңдағы адамгершілік қасиеттерді жетілдіру;
  • әркімнің өз нәпсісін, еліктеуін және әлсіздігін
  • жеңуі.

 

ҚАУЫРТ ЖЕЛІ

 «114»

Елімізде деструктивті сипаттағы жалған діни  ұйымдар мен радикалдық ағымдардан зардап шеккендерге кеңес беру жұмыстарымен айналысатын арнайы байланыс желісі жұмыс істейді.

 

ХАБАРЛАСЫҢЫЗ!

Егер:

  • - Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз күдікті адамдардың немесе діни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түскен болса;
  • - Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз діни мәселелерге қатысты қиын жағдайларға ұшыраған болса;
  • - Сіз немесе Сіздің жақындарыңызға дін саласындағы мамандардың кеңесі мен көмегі қажет болса.
  •  

БІЛУІҢІЗ КЕРЕК! 

Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдіктері жанында ДІН ПРОБЛЕМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫ жұмыс істейді.

Мекемелер мынадай жұмыстарды жүзеге асырады:

  • - ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу;
  • - психологиялық және құқықтық қеңес беру, теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккен адамдарды оңалту қызметтерін көрсету;
  • - дін мәселесі бойынша сенім телефоны жұмысын (қауырт желі) ұйымдастыру, теріс діни ағымдардың әрекетінен зардап шеккен адамдарға психологиялық, консультациялық, заңнамалық және әлеуметтік көмек көрсету;

Аталған мекемелердің мекен-жайларын және телефон номерлерін «114-Қауырт желісіне» хабарласып білуге болады.

 

                                        ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті

 

 

 

 

 

 


« Қазан 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қазір 569 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931