Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

ИнЕУЖК нышандары

 

ИнЕУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖIНIҢ МИССИЯСЫ:

МЕМЛЕКЕТ ПЕН АЙМАҚТЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯНЫ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ

 

Мақсаты колледжді қазіргі бәсекеге қабілетті деңгейге көтеру: «Колледждің білім беру жүйесін қоғамның және Павлодар аймағы экономикасының индустриалды-инновациялық сұранысына сәйкес жетілдіру, әлемдік білім беру кеңістікке ену».

Стратегиялық мақсатты жүзеге асыру үшін колледж ұжымынан келесі міндеттерді шешу талап етіледі:

-еңбек нарығын зерттеу негізінде білім беру бағдарламаларының ұтымды құрамын анықтау;

-білім берудің мазмұнын жаңарту;

-колледждің оқу,  оқу-әдістемелік және материалды-техникалық базасын жетілдіру;

-колледждің оқу-тәрбиелік, өндірістік және инновациялық қызметі мониторингісінің бағытын кеңейту;

-білім беру, өндіріс пен қоғам қажеттілігінің ықпалдастығы;  

-инженерлік-педагогикалық кадрлар дайындау деңгейін көтеру және кадр құрамын жетілдіру;

-колледж қызметінің қаржылық қамтамасыз етілуін жетілдіру;

-колледжді институционалдық аккредиттеуге дайындау және ИнЕУК білім беру сапасын басқаруды жүйелендіру;

-колледждің білім беру порталын пайдалана отырып, экономикалық мамандықтардың оқу бағдарламалары үшін қашықтықтан оқыту технологиясын енгізу;

-қолданыстағы барлық техникалық мамандықтардың оқу бағдарламаларын дуалды оқыту түріне ауыстыру;

-ИнЕУЖК ақпараттық қүрылымын және материалдық базасын дамыту, колледждің инновациялық қызметін кеңейту үшін жағдай жасау.   

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТУЫ

 

 

ИнЕУЖ колледжінің туы ортасында колледж логотипі бейнеленген ақ түсті тік бұрышты мата. Ту енінің ұзындығына қатысы: 1:2.

Сол жақта пен оң жақта ежелгі түркі және қазіргі қазақ тілінде «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу жазылған. Осыған орай, туымыздың ақ түсі біздің ата-бабаларымыздың пайда болуынан бастап (б. д. дейінгі 1 мыңжылдықтың басында ежелгі мемлекеттер пайда болғаннан бастап осы уақытта түркі тілінде сөйлейтін тайпалар болған, орта ғасырда түркі мемлекеттерінде, Қазақстан территориясында түркі жазуы пайда болған кезде) қазіргі кезге дейінгі таза, шынайы, үздіксіз білімді білдіреді, тудағы логотиптің сол және оң жағындағы жазу осының айғағы. Колледж туының басты элементі оның ақ түсі болып табылады, ол әлемнің білім беру кеңістігіндегі колледж білімінің тазалығын, шынайылығын білдіреді.

Сөздердің ашық –көгілдір түспен жазылуы еркіндіктің нышанын білдіреді, бұл түс адамзаттың ерте кезден кең қолданатын жағымды, жарқын түсінің бірі. Аталған түс табиғатта да көп кездеседі. Ол кемпірқосақтың жеті түсінің бірі болып табылады. Аспан мен судың түсі.

Сөздің сары түспен жазылуы – күннің, алтынның түсі, өмір бастауының, энергияның, тұрақтылық пен білім сапасының нышаны.

 

 

ИнЕУЖ колледжінің логотипі көгілдір шеңбер фонында орналасқан бейнелеу және сөз элементтерінен тұратын құрамдастырылған болып келеді.

Бейнелеу элементтеріне логотип иесі өзінің білім беру және ғылыми-техникалық қызметтерін көрсету арқылы әрекет етуге ниетті бүкіл әлемдік кеңістікті білдіретін жер шары жатады. Жер шарының фонында оның жоғарғы жағында еркін ұшуды және қосалқы түрде колледждің Павлодар қаласында орналасқандығын білдіретін қалықтаған шағала, ал төменгі жағында – білімнің символы – кітап бейнеленген. Жер шарының орталығына орналастырылған «ИнЕУК» сөзі жаңадан пайда болған және аббревиатура түрінде, мұндағы әріптік қысқартулар: Ин – «Инновациялық», Е – «Еуразия», У – «Университетінің»,Ж - «Жоғары», К – «Колледжі» дегенді білдіреді. Әріптер стандартты қаріпте курсивпен жазылған.

Жер шарының астында Айша-бибi» және «Қошқар-мүйіз» элементтерінен тұратын, құрамдас қазақ ұлттық оюы салынған. Ою сары түспен салынған.

Шеңбердің шетімен солдан оңға қарай «Инновациялық Еуразия Университетінің колледжі» деген жазу сары түспен жазылған, оның дербес құқықтық қорғанысы жоқ.

Логотип элементтері: жер шары, кітап, шағала және «ИнЕУЖК» сөзі ақ түспен орындалған, мұнда «ИнЕУЖК» сөзіндегі әрбір әріп қосымша сары түсті сызықпен жүргізілген, ал шағала көк түспен жиектелген.

Осыған орай колледж туында бейнеленген ежелгі түркі және қазіргі қазақ тіліндегі «ҚАЗАҚСТАН» жазуының түсі логотиптің түсіне сәйкес келеді.

 

 

 


« Шілде 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қазір 1005 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931