Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2018 жылғы 21-23 ақпанда ИнЕУ колледжінде «ХХІ ғасыр студенттерінің зияткерлігі: мүмкіндіктерді іске асыруы, болашаққа жоспары» ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Биыл конференцияға қатысуға 421 білім алушыдан өтінім түсті. Олардың ішінде 183 Павлодар қаласы мен Павлодар облысының қатысушылары болса, 238 өтінім жақын және алыс шетелден түскен, сонымен қатар Қазақстанның басқа аймақтарынан келген өтінімдер бар. Өткен жылғымен салыстырсақ, былтыр барлығы 186 жұмыс, олардың ішінде Павлодар облысынан 130 қатысушы, жақын және алыс шетелден, Қазақстан қалаларынан 56 студент ғылыми жұмысын ұсынған. Осыған орай, біз қатысушылар аймағы едәуір кеңейгенін сеніммен айта аламыз!

Конференцияға Беларусь Республикасынан 3 колледждің білім алушылары қатысты. Сонымен қатар Ресей Федерациясының көптеген аймақтарынан, атап айтсақ: Мәскеу қ. (4 колледж), Татарстан Республикасы (Казань, Арск, Бугульма қалаларының колледждері), Алтай өлкесінен (Барнаул, Камень-на-Оби қалалары), Якутия (Вилюйск қаласы), Омбы (4 колледж), Новосибирск (3 колледж), Тюмень (2 колледж).

Сонымен қатар Қазақстанның көптеген аймақтарын атауға болады: Қарағанды, Өскемен, Орал, Семей, Астана, Щу, Балхаш, Қостанай, Арқалық, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Қаскелең, Көкшетау.

Павлодар облысынан Екібастұз, Ақсу және ауыл аймақтардан ұсынылды.

Ерекше атауға болатыны биыл конференцияға Павлодар мен Павлодар облысының мектеп оқушылары да ниет білдірді: № 30, 25, 24 орта мектеп оқушылары және Ертіс ауданы Абай атындағы орта мектеп оқушылары.

Алыс және жақын шетел өкілдері конференцияға он-лайн түрде қатысты.

Конференция жұмысы жеті бағыт бойынша жүргізілді:

Тарих және мәдениет секциясы

Филологиялық пәндер секциясы

Техникалық пәндер секциясы

Өнер және дизайн секциясы

Дене тәрбиесі және спорт секциясы

Экономикалық пәндер секциясы

Заң пәндері секциясы

 

 

 

Конференция қорытындысы:

 

 

 

 

ИнЕУ ректоры Баяндин Марат Асылбекович пен әкімшілігіне және ИнЕУ ақпараттық технологиялар Басқармасының қызметкерлеріне конференцияны ұйымдастырып, өткізуге қолдау көрсетіп, көмек жасағаны үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.

Конференцияға қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз, жүлдегерлерді және олардың жетекшілерін жеңісімен құттықтаймыз, алдағы уақытта да ынтымақтастық өз жалғасын табады деп ойлаймыз және келесі оқу жылында өтетін «ХХІ ғасыр студенттерінің зияткерлігі: мүмкіндіктерді іске асыруы, болашаққа жоспары» ІV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз.

 


Защитный код
Обновить


« Мамыр 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қазір 875 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)34-53-39, моб/WhatsApp: +7(747)824-43-67

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931