Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

Шаңғы тебу – денсаулыққа пайдалы

17 ақпанда «Ертіс» шаңғы базасында оқытушылар арасында шаңғы бойынша «Денсаулық және сергектік» спартакиадасы өтті. Жарыстың мақсаты денсаулықты нығайту, жұмысқа ынтаны арттыру және оқытушылардың әлеуметтік белсенділігін дамыту құралы ретінде дене тәрбиесі мен спортты насихаттау болып табылады.

Ауа-райының кереметтігі 60 қатысушы мен жанкүйерлерді жинады. Шаңғы жүрісі ең мықтылар мен төзімді оқытушыларды анықтады. Ерлер 2500 м қашықтықта 39 жасқа дейінгі, 40-49 жастағылар, 50-59 жастағылар, 60 және одан да үлкендер арасында жарысты, әйелдерден 1000 м қашықтықта 39 жасқа дейінгі, 40-49 жастағылар, 50 және одан да ересек жастағылар жарысты.

ИнЕУ колледжінің оқытушылары жарысқа белсенді қатысты, олар өздерінің нәтижелері арқылы үнемі алда жүретінін дәлелдеді.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Әйелдер арысында 1 орынды экономикалық бөлімнің оқытушысы Бексултанова А.М.; 2 орынды колледжіміздің әдіскері Козлова Т.В. алды; ал 3 орынға гуманитарлық бөлімнің оқытушысы Алибаева М.Ш. ие болды.

Ерлер арасында 2 орынды дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Бейсекеев А.И. иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шаңғы жарысына қатысып, колледждің спорттық намысын қорғаған ақпараттық технологиялар бөлімінің оқытушылары Абалихин Д.В., Мубаракова Н.Ж., экономикалық бөлім оқытушысы Канафина А.Н., гуманитарлық бөлім оқытушысы Утепов С.А., сонымен қатар комендант Стародубцев Г.А. Оқу орнының ұжымы қызметкерлерге жарысқа қатысқаны үшін алғысын білдіреді!

Іс-шара педагогтардың жарысуына ғана емес, жұмыстан тыс уақытта бір-бірімен әңгімелесуіне де мүмкіндік берді. Оқытушылардың пікірінше, бастысы жеңіс емес, қатысу! Ең басты сыйлық – денсаулықты нығайту, бойын сергіту және көңіл-күйді көтеру!

Дене тәрбиесінің оқытушысы Баталова А.Г.

IMG-20180217-WA0019.jpgIMG-20180217-WA0024.jpgIMG-20180217-WA0055.jpgIMG-20180217-WA0022.jpgIMG-20180217-WA0010.jpgIMG-20180217-WA0032.jpgIMG-20180217-WA0018.jpgIMG-20180217-WA0030.jpgIMG-20180217-WA0020.jpg


Защитный код
Обновить


« Тамыз 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қазір 1587 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931