Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

Педагогикалық аттестация

Педагогтың кәсіби шеберлігін танытатын терминдер көп: кәсіби шеберлік, кәсіптік құзіреттілік, педагогикалық шеберлік, педагогикалық өнер, біліктілік. Заманауи педагог өзінің пәндік, коммуникативтік, ақпараттық және т.б. кәсіби құзіреттілік деңгейін үнемі жетілдіріп отыруы керек.

2018 жылғы 14 ақпанда директор Таженов Ш.А. төрағалығымен жыл сайын өтетін ИнЕУ колледжінің аттестаттау комиссиясының отырысы болды.

Отырыс тақырыбы оқытушылар ұсынған өтініштердің аттестаттау талаптарына сәйкестігін қарастыру. Отырысқа колледждің аттестаттау комиссиясының мүшелері, сонымен қатар аттестатталатын оқытушылар қатысты.

Отырысты колледж директоры, аттестаттау комиссиясының төрағасы Таженов Ш.А. ашты, ол аттестаттаудың негізгі кезеңдеріне және әрбір аттестатталушы оқытушылардың көрсеткіштеріне тоқталды. Сонымен қатар әрбір педагог кәсіби деңгейін арттыру қажет деген мәселені қозғады.

Директордың ОІ жөніндегі орынбасары Ташекенова А.У. аттестатталатын оқытушыларға қойылатын талаптарды ортаға салып, біліктілік бекітілетін шарттарды айтты.

Отырыс барысында аттестатталатын оқытушылар комиссияға өздерінің педагогикалық қызметі туралы презентацияларын көрсетіп, ғылыми-әдістемелік жұмыстары жинақталған портфолиоларын ұсынды.

Колледждің аттестаттау комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша екіші біліктілік санат Карибаева Н.Х., Баязитова А.В., Аленова З.С, Климашова Е.В., Мырзагожина Г.Т., Рамазанова Б.Х, Тортаева А.К., Едилова Д.Ж. беру туралы шешім шығарылды; екінші санатты дәлелдеу бойынша Канафина А.Н. және Талгат Г.Т.; бірінші санатты дәлелдеу бойынша Исабеков Т.Т. жоғары біліктілік санатты тағайындау бойынша Карманов А.Е. және Тортаев К.К. жоғары санатты дәлелдеу бойынша оқытушылар Абдрашева Х.А., Абылкасима Ж.И., Божкова С.А., Дощанова Ж.И., Жансагимова К.Е, Жусупова З.З., Маусымбекова А.Ж., Самоделкина Т.Н., Султанбекова Г.М., Кенжин Р.А. шешім қабылданды.

Аттестаттау комиссиясы оқытушылар Мырзагожина Г.Т. және Тортаева А.К. 2018-2019 оқу жылында уақытынан бұрын бірінші біліктілік санатқа аттестаттаудан өту туралы ұсыныс жасады. Аталған шешімге негіз болған - педагогтардың даярлаған жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

 

 

Колледж әдіскері: Козлова Т.В.

 


Защитный код
Обновить


« Қазан 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қазір 560 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931