Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі студентінің ар-намыс кодексі

Мен, Инновациялық Еуразия университеті Жоғары колледжінің студентімін, Колледждің  біліктілігі жоғары, адамгершілігі мол мамандар даярлау бойынша миссиясын жүзеге асырудағы өзімнің жауапкершілігімді түсіне отырып, корпоративтік мәдениетті, студенттік қоғамды қолдауды және дамытуды, жетекші білім беру мекемесі мен Қазақстанның кәсіби кадрларын даярлау орталығы ретінде ИнЕУ Жоғары Колледжінің имиджін сақтауды парызым деп есептей отырып, ИнЕУ Жоғары колледжі студентінің ар-намыс Кодексін қабылдаймын және оны мінсіз орындауды міндетім деп танимын.

1 бап. ҚР заңнамасын, ИнЕУЖК Жарғысын, ішкі тәртіп ережесінжәне Колледждің нормативтік актілерін сақтау.

2 бап. Студенттік қауымдастықта өзара сыйластық пен сенімді, жоғары академиялық мәдениетті қолдауға көңіл бөлу. Кез келген түсінбеушілікті дұрыс шешуге тырысу және басқа студенттерге әлімжеттік көрсетуге жол бермеу.

3 бап. Оқу үдерісінде әділетсіздік, адамгершілікке жат қасиеттер, немқұрайлылық болмау керектігін ескере отырып, оқыту мен білімді бақылаудың барлық түрлеріне жауапкершілікпен қарау. 

4 бап. Оқытушыларға, қызметкерлерге, Колледж әкімшілігінің өкілдеріне мейірімділік таныту, оларды тегімен атауға жол бермеу және дөрекілік көрсетпеу.

5 бап. Колледж мәртебесіне немесе студенттік қауымдастықтың беделіне нұқсан келтіретін іс әрекеттен аулақ болу.

6 бап. Әр түрлі зиянды қылықтардан бас тарту.

7 бап. Колледждің мүлкін сақтауға ниет білдіру және вандализмге жол бермеу.

8 бап. Сыртқы киім үлгісі этикалық нормаларға сай болуы қажет және  оқытушылардың немесе студенттердің көңілін аудармауы, сабаққа кедергі келтірмеуі керек.          


« Тамыз 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қазір 1515 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931