Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

Колледждің тарихы

 

Павлодар Университеті колледжінің тарихы 2001 жылдан басталады. Ол кезде колледж Павлодар Университетінің құрамында болды, студенттері Екібастұз колледжімен қоса алғанда 600 адамнан тұрды. Колледж 10 мамандық бойынша білім берді.   

 

2002 ж. Павлодар университетінің атауы Инновациялық Еуразия университеті болып өзгерді және екі жылдан соң колледж Инновациялық Еуразия университетінің колледжі деп аталды.

 

Колледждің басшысы ҚР білім беру үздігі, география магистрі Таженов Ш.А. болып табылады. Колледждің бүгінгі күнгі жеткен жетістіктері – ұжымының еңбегі. 2012 жылы колледж аттестаттаудан өтіп, білім беру қызметіне берілетін лицензиясын дәлелдеді.   

 

Қолледждің қалыптасуы мен дамуына ардагер ұстаздар  Касымова С.У., Окатенко Л.Г., Чупринюк О.Н., Черкашина Н.Ф., Каркавина Н.С., Мякишева В.Н. және т.б. үлкен үлес қосты. 

 

Касымова С.У. Окатенко Л.Г. Каркавина Н.С.

  

 
Чупринюк О.Н. Черкашина Н.Ф. Мякишева В.Н.

 

Колледж жастардың білім алуы мен тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Сондықтан, колледж студенттерінің арасында Қазақстан Республикасының чемпиондары көп (Кайрат Хаким – кикбоксинг бойынша спорт шебері, жасөспірімдер арасында “Wako” Әлем Кубогының қола жүлдегері, Анапа 2010, Куспеков Богембай - Муай-Тай бойынша спорт шебері, Азия Чемпионатының күміс жүлдегері, 2010г., Кузнецов Сергей – акробатика бойынша Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, акробатика бойынша Халықаралық турнирдің күміс жүлдегері 2013ж., Болгария, София, акробатика бойынша турнир Чемпионы, 2013 ж., Италия, Турин қ. акробатика бойынша Халықаралық турнир Чемпионы, 2014 ж., Саурбаев Артур – кикбоксинг бойынша спорт шебері, Кореяда өткен азиадаға қатысушы, кикбоксинг бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2012ж., кикбоксинг бойынша Қазақстан Республикасының жеті мәрте чемпионы, Бельгия, Смекенов Жанат - кикбоксинг бойынша спорт шебері, ҚР кубогының жеңімпазы, ҚР  Чемпионатының екі мәрте финалисі, әр түрлі халықаралық және республикалық турнирлер жүлдегері және жеңімпазы, кикбоксинг бойынша ҚР кубогының чемпионы 2013 ж.) Колледжде республика және облыс чемпионы марапаттарын алған барлығы 20 аса спортшы бар. Бұл жетістіктердің барлығы колледждің сайтында және стендтерде көрініс тапқан.

Колледжде білім ордасының мәртебесін көтеріп жүрген Кох Ольга, Хорошун Людмила, Климашева Маргарита, Гордеева Антонина, Бужак Алёна және т.б. оқу озаттары мен белсенді студенттер оқиды.             

Колледжде 19 мамандық бойынша мамандар даярлайды, 8 бағыт бойынша мемлекеттік тілде оқытады. Жыл сайын 100 адам біліктілігін арттыру және қысқа мерзімді қайта даярлау курстарында оқиды. Колледж түлектері білім ордасын аймақтық және республикалық деңгейде лайықты танытып жүр.

Колледждің педагогикалық құрамы 130 адамнан тұрады. 70 педагогтың жоғары және бірінші санаты бар.

Колледждің өз материалдық-техникалық базасы бар:

  • - заманауи оқу-зертханалық базамен жабдықталған оқу корпустары;
  • - оқу залы мен электрондық каталогтары бар ғылыми кітапхана;
  • - интернет желісіне қосылған компьютер сыныптары;
  • - заманауи түрде жабдықталған кафе-асхана.

 2010 жылғы қыркүйек айында Консорциум құру туралы Келісімге қол қойылды, оның мүшелері университет, Павлодар қ. ИнЕУ колледжі және Екібастұз қ. ИнЕУ колледжі.

  

 

 

 


« Желтоқсан 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қазір 869 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931