Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

Жалпы мәліметтер

Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі (ИнЕУЖК) Павлодар облысының ірі, көп салалы оқу мекемесі. Білім ордасы еңбек нарығында сұранысқа ие 28 мамандық бойынша мамандар даярлайды, өз қызметін техникалық және кәсіптік білім беру саласының қызметіне 2018 жылғы 28.05 берілген № KZ44LAA00011922 Мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырады. 

Лицензияның жарамдылық мерзімі – шектеусіз. 

ИнЕУ Жоғары колледжінің миссиясы:

Мемлекет пен аймақтың тұрақты дамуына ықпал ету мақсатында үздіксіз білім беру және инновацияны дамыту арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

Колледждің материалдық-техникалық жабдықталуы білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды қолдануға жағдай жасайды, және қазіргі заман талаптары мен стандарттарына жауап береді.

Колледждегі оқу үдерісін ұйымдастыруға арналған оқу кабинеттері мен зертханалар саны жеткілікті. 13 компьютер сыныбы, 7 оқу-өндірістік шеберханалар, тас қалаушылар полигоны, 3 спорт залы, стадион, акт залы конференц-зал, денсаулық пункті, асхана және қосымша кабинеттер заманауи құралдармен жабдықталған.

 

  

image 1 image 4 image 5image 6image 7image 8image 9image 10image 11image 12

.

Колледжде оқу процесі жаңа ақпараттық және білім беру технологияларды пайдаланумен жүзеге асырылады. Оқу аудиториялары әдістемелік және анықтамалық материалдармен, көрнекі құралдар және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған, олар студенттерге өз практикалық дағдыларын арттыруға көмектеседі.
Электрондық оқулықтар, ашық білім беру қорлары, виртуалды зертханалар, әр түрлі тасушыларда мультимедиялық элективті курстар – оқу процесінің сапасына жетудің маңызды құралдары.
Оқу-тәрбие беру процесін және колледжді басқаруды ақпараттандыру әр жұмыс орнынан Internet-ке шығу мүмкіндігі бар, ЖК-мониторлармен 235 дербес компьютерден құрылған компьютерлік паркімен қамтамасыз етілген.

Қазіргі компьютерлік техника, қолданбалы бағдарламалардың үлкен пакеті, Интернет-қорларына жедел қол жетімдік еңбек рыногында бәсекеге қабілетті маманды даярлауда қажетті құрал болып келеді.
Студенттердің жүйелі ұйымдастырылған ғылыми-практикалық және жобалау іс-әрекеті олардың жетекші қадыр-қасиеті мен ұйымдастырушылық қабілеттерін жетілдіреді, ақпараттық, коммуникативтік және зерттеу құзыреттіліктерін арттырады.

Болашақ мамандарды даярлаудың сапасын, колледждің, өз кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіретін, жоғары білікті оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді.

ИнЕУ Жоғары колледжі 2012 жылы мемлекеттік аттестациядан жақсы өтті. 

2014 жылғы желтоқсанда ИнЕУ Жоғары колледжі институционалдық аккредиттеуден өтті. Аккредиттеу кеңесі "Ескертусіз 5 жылға  аккредиттелсін" деген шешім шығарды

 


« Қыркүйек 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қазір 268 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931