Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

«ИнЕУЖК ішкі тәртіп ережесінен» көшірме

Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Заңнамасымен және Колледж Жарғысымен белгіленеді.

Студенттердің құқықтары:

1. Колледжбен келісе отырып, ҚР заңнамасымен бекітілген талапқа және шарттарға сәйкес техникалық және кәсіптік білім маманын даярлау бойынша шарт жасасуға, өзгертуге және бұзуға;

2. Білім беру мекемесі айқындаған талаптарға сәйкес бір оқу бағдарламасынан және оқу түрінен басқасына ауысуға;

3. Кітапханалық-ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға;

4. Өз ойын еркін жеткізуге және дәлелдеуге, өз жұмыстарын баспаға ұсынуға.

Білім беру бағдарламаларын тиімді меңгеруді қамтамасыз ету мақсатында колледж студенттері міндетті:

1. Сабақтардың кестесін және өтетін орнын білуге;

2. Сабаққа белгіленген уақыттан қалмай келуге. Сабаққа келмеудің   себептері болуы керек, мәселен ауырып қалса медициналық анықтама құжатымен расталу қажет және оқу бөлімі себепті деп таныған басқа да себептер болуы мүмкін;

3. Техника және өрт қауіпсіздігі Ережесін, еңбекті қорғау Ережесін қатаң сақтауға;

4. Колледж құрылымдық бөлімшелерінің қызметін қолдану Ережесін қатаң сақтауға (кітапхана, компьютер сыныптары, спорт залдары, асхана);

5. Білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарына сәйкес қарастырылған барлық тапсырма түрлерін белгіленген уақытында орындауға, аралық аттестаттаудан өтуге және басқа бақылау түрлерін уақытында тапсыруға;

6. Колледж өткізетін мәдени-көпшілік іс-шараларға және қоғамдық-пайдалы еңбекке белсенді қатысуға;

7. Колледж мүлкіне зиян келтірген жағдайда қолданыстағы Заңнама нормаларына сәйкес материалдық жауапкершілікті тануға;

8. Жасалған шарт талаптарына сәйкес оқудың ақысын төлеуге;

9. Оқытушылар мен әкімшілік аудиторияға кірген уақытта орнынан тұруға;

10. Оқу мекемесіне кірген кезде рұқсат құжатын ұсынуға.

Колледж студенттеріне тыйым салынады:

1. Сабақ барысында оқытушының рұқсатынсыз оқу аудиториясына кіруге және аудиториядан шығуға;

2. Колледж ғимаратында және аумағында шылым шегуге, алкогольдік, нашақорлық заттарды қолдануға және сатуға;

3. Колледждің ішінде және басқа да ғимараттарында,  оқу аудиторияларында қоқыс тастауға;

4.   Колледждің ішінде бас киіммен және сыртқы киіммен жүруге (жаман сөздерді пайдалануға);

5. Қоғамдық тәртіпті және рұқсатпен кіру ережесін бұзуға;

6. Санитария және гигиена нормаларын, мүлік пен жасыл желекті бұзуға;

7. Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз әр түрлі құрал-жабдықтарды зертханадан, оқу аудиторияларынан және басқа да кабинеттерден шығаруға;

8. Сабақ кезінде ұялы (мобильді) телефонды қолдануға (калькулятор қызметінен басқасын);

9. Колледж мәртебесіне немесе мүлкіне зиян келтіретін құқыққа қайшы немесе басқа этикалық әрекетке жатпайтын қылықтар жасауға. 


« Қазан 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қазір 576 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931