Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

Оқу мекемелерімен ынтымақтастық

К

ИнЕУ Жоғары колледжі облыс мектептерімен бірлесіп қызмет етеді. Жоғары сынып оқушыларына арнап жыл сайын экономикадан олимпиада, ашық есіктер күнін, алдын ала тестілеу, кеңес беру, экскурсияларды ұйымдастыру сияқты іс-шараларды  өткізеді. Колледж ЖОО-мен бірлесе отырып «Білім және ғылым интеграциясы - болашаққа нық қадам» атты жыл сайын өтетін республикалық конференцияға қатысуға жас ізденушілерді шақырады, ҰБТ-ға дайындалуға көмектеседі, көлік жүргізу бойынша курстар өткізеді. Гуманитарлық бөлімнің "Бастауыш білім" (бастауыш мектептегі шетел тілі мұғалімі), "Дене шынықтыру", "Негізгі орта білім" (қазақ тілі мен әдебиеті) мамандықтарының студенттері технологиялық, педагогикалық, дипломалды тәжірибелерін Павлодар қаласының мектептерінен өтеді. Көптеген білім беру мекемелерімен тығыз әріптестік байланыстар орнатылды, ал  № 29 (мектеп директоры Ибрагимов Ф.И.), № 22 (Мамбетова М.), № 43 (Семига М.С.), №39 (Булгакова Е.И.), №13 (Камиева С.М.), № 42 (Тургульдинова И.Ж.), № 19 (Нугербаев Т.К.)  болашақ педагогтардың қалыптасуына ықпал етіп, мамандыққа қызығушылық танытуға жәрдем береді.  20 мектеппен әлеуметтік әріптестік және бірлескен қызмет туралы ұзақ мерзімді келісімдер жасалды.

Тәжірибе аяқталған соң педагогикалық мамандықтың студенттері жасаған жұмыстары жөнінде есеп беретін, мектепте ұйымдастырған шаралары туралы ой бөлісетін, басшылыққа және педагогтар ұжымына алғыстарын білдіретін есепті конференциялар ұйымдастырылады.

ИнЕУ Жоғары колледжі техникалық және кәсіптік білім беру оқу мекемелері арасында кәсіби қазақ тілі мен энергетикалық мамандықтар бойынша олимпиадаларды ұйымдастырушы болып табылады. Колледжде облыстық әдістемелік бірлестіктердің отырыстары, дөңгелек үстелдер, оқыту семинарлары, Білім беру басқармасының және ИнЕУ БЖИ мамандарының қатысуымен біліктілікті арттыру курстары өтеді.


« Қазан 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қазір 565 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931