Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

Студентке

Құрметті Инновациялық Еуразия Университеті Жоғары Колледжінің студенттері.

Қымбатты достар!

Сіздер жоғары білім жүйесіндегі ауқымды өзгерістермен және  еліміздің жаңарып жатқан үдерісімен бірге жетіліп, өзгеріп және өсіп келе жатқан оқу мекемесін таңдадыңыздар. Сіздердің білім алуларыңызға тиімді жағдай жасау үшін, басшылық үнемі колледждің материалдық-техникалық базасын жетілдіріп отырады.  

Оқу үдерісінде білім беруге арналған техникалық құралдар кең түрде пайдаланылады. Сабақтарда студенттерге техникалық құралдарды пайдалана отырып, слайд-фильмдер, бейнефильмдер, оқыту бағдарламаларын, тестілеу бағдарламаларын қолданады.

Оқытушылардың шығармашылық әлеуеті мен оқу мекемесінің материалдық-техникалық базасы білім беру қызметінің аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл оқу мекемесі мәртебесінің өсуіне жасалған кейбір қадамдар болып табылады. Сонымен қатар алдымызға қойып отырған басты міндеттеріміздің бірі колледждің ғылыми потенциалын ұлғайту болып келеді. Осыған орай оқытушылар мен студенттердің ғылыми қоғамы құрылды. Оның міндеті – интеллектуалдық еңбекке икемділігі аясында өз ойын білдіруге және өзін жетілдіруге ынтасы бар дарынды, қабілетті студенттерді жалпы ғылыми қызығушылықтары негізінде біріктіру. 

Біз студенттерді өздерінің зерттеушілік қабілеттерін белсенді түрде көрсетуге, өзіне ғылыми конференциялар мен олимпиадалар әлемін ашуға шақырамыз. Сіздер ғылыми зерттеулер жүргізіп, конференцияларға және олимпиадаларға қатыса отырып, Қазақстанның, сонымен қатар әлемдік ғылыми қауымдастықтың бірі боласыздар.

ИнЕУ Жоғары Колледжі және колледждің барлық оқытушылары өз тарапынан сіздің біліктілігі жоғары маман болып қалыптасуыңызға және Қазақстанның кәсіптік білімі бар элитасының қатарына енуіңізге барынша жағдай жасайды. 

Таженов Ш.А.

Инновациялық Еуразия университеті  

Жоғары Колледжінің директоры


« Қазан 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931