Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

ИнЕУ 

Жастардың еңбек биржасы

Жастардың тәжірибеге қатысуы жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге, алғашқы тәжірибе алуға және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектеседі.

«Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (одан әрі Бөлім) Павлодар қаласының басқару құрылымына кіреді, Павлодар қаласының халқын  жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалары мәселелерінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін құрылған мемлекеттік орган болып келеді. Бөлім Павлодар қаласы әкімінің 2004 жылғы 22 қарашадағы № 103 шешімі негізінде құрылған. Бөлім қызметінің мақсаты қаламызда жұмыссыздықты және кедейлікті төмендетуге бағытталған, қала халқын  жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау саласында мемлекет саясатын жүзеге асыру.

Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету үшін, оларға практикалық тәжірибе, білім, икемділік пен дағдыларды беру мақсатында Павлодар қаласының әкімшілігі жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы қаулы қабылдады.

Жастар тәжірибесіне қатысуға оқу мекемесін аяқтағаннан кейін алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, кәсіби оқу мекемелерінің түлектері құқылы.

Жастар тәжірибесі қаламыздың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында ұйымдастырылады. Өкілетті орган жұмыс берушілермен келісім шарт негізінде жұмыс істейді.

Жастар тәжірибесін өткізу іс-шараларын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан, республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер арқылы жүзеге асырылады.

Жастар тәжірибесіне қатысу мерзімі 4-6 ай.

Тәжірибені аяқтағаннан кейін жұмыс беруші бос орын болған жағдайда тұрақты жұмысқа алады, бос орын жоқ болғанда - тәжірибе өтуі туралы жазбасы бар еңбек кітапшасын, пікірін береді.

Жастар тәжірибесіне қатысушылар еңбек заңнамасын, зейнетақымен қамтамасыздандыру және әлеуметтік сақтандыру туралы заңнаманы басшылыққа алады.

Осы бағдарламаға қатысу үшін «Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімшілігінің жұмыспен қамтамасыздандыру орталығы» ҚМК жолығу керек. Мекенжайы: Кривенко 25, 303 каб., тел. 322460, 320570


« Қараша 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қазір 714 қонақ және Тіркелген қолданушы саны: 2  сайтта отыр

 






 
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәмізде
 
© 2018 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931