Жаңалықтар

2019 жылы 22 маусымда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы басталғаннан бері 78 жыл өтті. Отан азаматтарымыздың есінде бұл қайғылы оқиға мәңгілік сақталады. Бейбітшілік өмірдің шырқын бұзған 1941 жылы ұзақ және қанды соғыс басталды, бұрынғы КСРО халықтары үшін бұл күннін үлкен символдық мәні бар.

Ел мен жерді қорғап қаза болғандарды еске алу үшін, миллиондаған адамдар үйлерінің терезелеріне, ескерткіштер қасына, бауырластар зираты басына шам жағады.

Біздің қаламызда "Естелік шамы" атты акциясы Әскери Даңқ мұражайы аумағында өтті. Оның ұйымдастырушылары "Майдан жолы" іздестіру зерттеу жасағының өкілдері.

2019 жылғы 5-28 маусым аралығында Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінің бірінші курс ұлдары үшін 5 күндік оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып, өткізілді.

Оқу-жаттығу жиындары студенттерге нормативтік–құқықтық негіздер, алғашқы әскери дайындық, әскери-медициналық дайындық, құтқару жұмыстарын қауіпсіз жүргізу негіздері бойынша қажетті білім алуға мүмкіндік береді, ҚР Қарулы Күштерінің қатарында борыштарын атқаруға қызығушылық оятады, әскерге шақырылушылардың алдында болатын нақты проблемаларымен таныстырады.

Табысты оқу орны – берік білім мен жарқын болашақ кепілі. Біздің колледжде мықты оқытушылар құрамы, білім сапасының деңгейі жоғары, оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастыру және дәстүрлі түрде Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (БСҚТА) өткізетін Қазақстан колледждері рейтингін жасау кезінде ескерілетін барлық пункттерге сәйкес.

Зерттеудің негізгі қағидаттары - айқындылық, әділдік, ашықтық, анықтық пен мүдделі тұлғалардың араласуы. Рейтингте оқыту саласы мен мамандықтар тізімін есепке алынып, бес бағытта жүргізіледі: көпсалалы, политехникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық және өнер колледждерінің рейтингі.

Рейтинг өткізу кезінде колледждер ұсынған статистикалық деректер пайдаланылды. Колледждің академиялық қызметі бес индикатор бойынша бағаланды: студенттер саны, инженерлік - педагогикалық қызметкерлерінің сапасы, аккредиттеуден өтуі (ТжКБ ұйымының қызмет сапасы), жұмыс берушілермен ынтымақтастық және Интернет арқылы қоғамды ақпараттандыру.

2019 жылғы көпсалалы колледждер рейтингінің қорытындысы бойынша Инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледжі бірінші орынды иеленді. Біздің оқу орнымыз өзінің нәтижесін растап, бесінші рет болды бірінші!

Сондай-ақ үздік үштікке «Алматы технологиялық университеті» АҚ-нің Технология-экономикалық колледжі (Алматы қ.) және Солтүстік-Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжі (Петропавл қ.) кірді.

ИнЕУЖК еліміздің ең үздік көпсалалы колледждер тізімін басқарып, Павлодар қаласындағы оқу орындары үшін ғана емес, бүкіл республика бойынша үлгілі оқу орнына айналады. Ұлттық рейтингтегі бірінші орын – бұл барлық колледж ұжымының жоғары жетістігі және нәтижесі. Біздің оқу орнымыздың әкімшілігі, педагогикалық құрамы, студенттер және олардың ата-аналарын осы жеңістікпен құттықтаймыз! 2019 жылғы талапкерлеріне сәттілік және дұрыс таңдау жасауды тілейміз, Қазақстанның ең үздік колледж рейтингісі таңдауларына әсер етеді деп үміттенеміз!

Әр жасөспірім мектеп қабырғасында жүріп, маңызды таңдау жасауы керек - өзіне ұнайтын мамандық табу. Өмір қарқындап дамып келеді, көптеген жаңа мамандықтар мен кәсіптер пайда болды. Таңдауды дұрыс жасау үшін, мамандықты біліп, жан-жағынан қарастыру қажет. Бітіруші сынып оқушыларына бұл сұрақты шешуге кәсіби білім беру оқу орындарының кәсіптік бағдар беру жұмысы көмектеседі.

ИнЕУ жоғары колледжі жаңа контингентті қалыптастыру жұмысын 2018 жылдың қыркүйегінен бастады. ИнЕУ КЖ оқытушылары облыс пен қала мектептеріне жиі баратын қонақ болды: оқушылармен кездесіп отырды, ата-аналары мен мұғалімдерімен сөйлесіп, педагогикалық кеңестерге қатысты, оқушыларды колледжге шақырып, "Ашық есік" күндерін ұйымдастырды, ақпарат парақшаларын таратып, болашақ абитуриенттеріне тест тапсырмаларын орындатты.

Оқу орнымыздың жоғары рейтингі, мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде оқыту, студенттерге жасалатын жеңілдіктер мен көтермелеулер, бюджеттік орындар, жақсы материалды-техникалық базасы, жоғары білікті педагогтер, қаланың орталығында орналасқаны, бір отбасынан бірінен кейін бірі келіп түсуі, ең бастысы колледж ұжымының бағытталған жұмысы - осының барлығы ИнЕУ ЖК кәсіптік бағдар берушілеріне 500 астам мектеп түлектерін қызықтырып, біздің абитуриенттер санына енгізуге мүмкіндік берді.

Студенттік өмір – бұл тек қана сабақ, сынақ пен емтихандар ғана емес. Біздің колледждегі оқу жылдары түрлі оқиғаларға толы болады – мұнда өмір қайнап, әділ жарыс пен лайықты жеңіс рухы орын алған.

Колледжіміздің студенттері түрлі мекемелердің іс-шараларына белсенді қатысады, онда қазақстандық патриоттық, бейбітшілік сезім, ұлттық келісім және белсенді азаматтық позиция принциптері негізге алынған.

П-128 тобының студенті Мұхамедьяр Диас осындай. Бала жасынан Диас спортпен шұғылданады: жеңіл атлетикамен айналысады, ал 2012 жылы қазақша күрестен облыстық жарыстарға қатысып, 3 орын жеңіп алды.

Білімге құмар және мақсатына берік Диас өте жақсы оқып, топ пен колледж өмірінде белсенді қатысады, кез келген тапсырманы сапалы және дұрыс орындап үлгереді. Биыл колледждегі "Үздік Заңгер" байқауында "Үздік оратор" номинациясында жеңімпаз атанды, академик Қ.Сәтбаевтың 120-жылдығына арналған "Тұңғыш Ғалым" конкурсында 1 орынды иеленді. Сонымен қатар, Диас «ХХІ ғасыр студенттерінің зияткерлігі: мүмкіндіктерді іске асыруы, болашаққа жоспары» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференциясына және "Жеті жарғы" атты Республикалық құқықтық олимпиадасына да қатысты.

Біздің колледжде 2017 жылдан 8 шығармашылық топ жұмыс істейді:

- «Оқытудың интерактивті түрлері» атты экономикалық пәндер оқытушыларының шығармашылық тобы;

- "Іс-әрекеттегі зерттеу" шығармашылық тобы;

- "Сындарлы окыту" қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының шығармашылық тобы

- "Денсаулық сақтау технологиялары" шығармашылық топ;

- электротехникалық пәндер оқытушыларының шығармашылық тобы;

- колледжде көптілділікті енгізу бойынша шығармашылық тобы;

- ақпараттық технологиялар шығармашылық тобы.

2019 жылы Павлодар политехникалық жоғары колледжінде "Үздік педагог - 2019" конкурсының облыстық туры өтті. Бұл кезеңге 11 оқытушы қатысты.

Ережеге сәйкес конкурсқа қатысушылардың кәсіби қызмет жетістіктерін мынадай критерилер бойынша бағалады:

1) педагогтың кәсіби құзыреттілігі;

2) педагогтың аймақ, республиканың білім беру саласының дамуына қосқан үлесі;

3) педагогикалық қызмет оқушылар мен тәрбиеленушілердің оң динамикасында көрсетілген нәтижелілігі;

4) педагогтың кәсіби шеберлігі мен жеке тұлғасын бағалау.

Оқу мезгілі қызған кезеңі: біреулерде сессия, біреулерде мемлекеттік емтиханға дайындық жүріп жатыр, бітіруші студенттер болса диплом жұмыстарын жазуда. Дегенмен, оқудан өзге қоғамдық істермен, шындап спортпен айналысып, өз оқу орны беделін қорғау үшін әртүрлі турнирлер мен жарыстарға қатысып жүрген студенттер де баршылық. Біздің колледжде спортпен айналысатын тамаша ұлдар мен қыздар өте көп. Олардың ерік-жігері, жақсы физикалық дайындығы арқасында, қазір облыстың басқа оқу орындары арасында біздің колледж жоғары деңгейде.

2019 жылы 18 мамырда Ақсу қаласында 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасында дзюдодан Республикалық турнир өтті. Иманжүсіп Құтпанұлына арналған спорттық жарысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан: Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, ШҚО, Семей, Қызылорда, Ақтау, Ақтөбе және Барнаулдан спортшылар жиналды.

"Батыр" БЖСМ тәлімгері Джанарғалиев Мәлік ИнЕУЖК спорттық жетістіктер қоржынына алтын медаль жеңіп алды.

Соңғы күресте біздің студент (Ф-118 тобы) спорт шеберлігіне үміткер, көптеген халықаралық және республикалық турнирлердің жеңімпазы Жексенғазы Әлімжанды (ШҚО) жеңіп, жүделі орынға ие болды. Мәлік осы турнирге қатысып, дзюдо спорт түрі бойынша СШҮ разрядың растады. Жас спортшы 17-23 жастар арасындағы дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионатына дайындалуды жоспарлап отыр.

Мәлік дзюдомен 2018 жылдың қыркүйегінен бастап айналысады. Алдында 6 жыл бойы грек-рим күресімен шұғылданған. Ол Қазақстан чемпионатының жүлдегері, Павлодар облысының грек-рим күресі, дзюдо және қазақша күрестен бірнеше дүркін чемпионы, сондай-ақ 2018 жылы желтоқсан айында Павлодар қаласында өткен "Қысқы демалыс" атты республикалық турнирдің жеңімпазы.

2019 жылы 16-17 мамырда ИнЕУ Жоғары колледжінде «ХХІ ғасыр студенттер мен оқушылардың зияткерлігі: мүмкіндіктерді іске асыру, болашаққа жоспары» атты ІV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Биылғы жылы конференцияға 480 оқушының жұмыстары мәлімделді. Олардың ішінде  345 – қатысушы Павлодар қаласы және Павлодар облысынан, 135 жұмыс - Қазақстанның басқа өңірлерінен, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерден жіберілді. Биыл қатысушылардың географиясы айтарлықтай кеңейді, деп сенімділікпен айтуға болады.

Онлайн конференцияға Беларусь Республикасының оқушылары  қатысты. Бұл елден 3 колледж болды. РФ көптеген аймақтары қатысушылар қатарында: Мәскеу қаласы (4 колледж), Татарстан Республикасы (Казань, Арск, Бугульма, Альметьевск  қалаларының колледждері), Алтай аймағы (Барнаул, Камень на Оби қалалары), Якутия (Саха) Вилюйск қаласы, Омбы (4 колледж), Новосібір (3 колледж), Тюмень (2 колледж).

Page 1 of 85

ИнЕУ 

Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 


« Тамыз 2019 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қазір 1347 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәміздер ЭКСПО Астана 2017 Серпін Рұхани Жаңғыру G-Global Электрондық еңбек биржасы Болашаққа көзқарас
 
© 2019 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931