Студенттерімізді мақтан етеміз!

Студенттік өмір – бұл тек қана сабақ, сынақ пен емтихандар ғана емес. Біздің колледждегі оқу жылдары түрлі оқиғаларға толы болады – мұнда өмір қайнап, әділ жарыс пен лайықты жеңіс рухы орын алған.

Колледжіміздің студенттері түрлі мекемелердің іс-шараларына белсенді қатысады, онда қазақстандық патриоттық, бейбітшілік сезім, ұлттық келісім және белсенді азаматтық позиция принциптері негізге алынған.

П-128 тобының студенті Мұхамедьяр Диас осындай. Бала жасынан Диас спортпен шұғылданады: жеңіл атлетикамен айналысады, ал 2012 жылы қазақша күрестен облыстық жарыстарға қатысып, 3 орын жеңіп алды.

Білімге құмар және мақсатына берік Диас өте жақсы оқып, топ пен колледж өмірінде белсенді қатысады, кез келген тапсырманы сапалы және дұрыс орындап үлгереді. Биыл колледждегі "Үздік Заңгер" байқауында "Үздік оратор" номинациясында жеңімпаз атанды, академик Қ.Сәтбаевтың 120-жылдығына арналған "Тұңғыш Ғалым" конкурсында 1 орынды иеленді. Сонымен қатар, Диас «ХХІ ғасыр студенттерінің зияткерлігі: мүмкіндіктерді іске асыруы, болашаққа жоспары» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференциясына және "Жеті жарғы" атты Республикалық құқықтық олимпиадасына да қатысты.

 

2017 жылдан бастап ол Павлодар облысы бойынша өрт сөндіру – қолданбалы спорт командасының капитаны. Ол өз командасымен Республикалық сайыстарға қатысып, Қазақстанның барлық қалаларында болды дерлік: Астана, Петропавл, Көкшетау, Тараз, Өскемен , Қызыл - Орда.

2019 жылы маусым айында Өрт сөндіру – қолданбалы спорт түрі бойынша Ақтөбе қаласында Республиканские жарыс өтеді. Диас пен оның командасына сәттілік және жүлделі орынға лайықты болуын тілейік.

 

П-128 топ жетекшісі Мубаракова Н.Ж.

7.jpg2.jpg3.jpg4.jpg1.jpg6.jpg5.jpg

 


Защитный код
Обновить

ИнЕУ 

Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 


« Тамыз 2019 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қазір 1270 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәміздер ЭКСПО Астана 2017 Серпін Рұхани Жаңғыру G-Global Электрондық еңбек биржасы Болашаққа көзқарас
 
© 2019 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931