Оқу-далалық жиынының нәтижелері

2019 жылғы 5-28 маусым аралығында Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінің бірінші курс ұлдары үшін 5 күндік оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып, өткізілді.

Оқу-жаттығу жиындары студенттерге нормативтік–құқықтық негіздер, алғашқы әскери дайындық, әскери-медициналық дайындық, құтқару жұмыстарын қауіпсіз жүргізу негіздері бойынша қажетті білім алуға мүмкіндік береді, ҚР Қарулы Күштерінің қатарында борыштарын атқаруға қызығушылық оятады, әскерге шақырылушылардың алдында болатын нақты проблемаларымен таныстырады.

 

Жиын барысында балалар әскери қорғаныс пен шабуыл әрекеттері негіздеріне үйренеді, сондай-ақ тактикалық дайындыққа уақыт бөлінеді, дене дайындығы, тәрбиелік және спорттық-бұқаралық іс-шаралар және автоматты бөлшектеп бұзу мен жинау да бар. Балалар әскери ғылымды тәжірибеде меңгереді.

Жалпы дайындау және өткізу басқарушылығы 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес және 2016 жылғы "Алғашқы әскери дайындық" типтік оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылды.

Барлығы жиынға 196 бірінші курс студенттері қатысты. Жиын 36 сағаттық бағдарлама бойынша жүргізілді. Теориялық материалды оқыту кезінде оқу және көрнекі құралдар қолданылды: стендтер, плакаттар, бейнефильмдер, электрондық білім беру басылымдары, компьютерлік презентациялар, техникалық оқыту құралдары: компьютерлер, мультимедиялық проектор, оқу-практикалық құрал-жабдықтар, оқу макеттері. Пневматикалық қарудан ату арнайы жабдықталған орындарда ұйымдастырылды.

Әрбір білім алушы оқу жоспарынның барлық бөлімдері бойынша бағаланды, сондай-ақ "Алғашқы әскери дайындық" пәні бүкіл оқу курсы бойынша аттестатталды. Жалпы оқу-жаттығу жиындары "өте жақсы" деген баға 86 (43%) білім алушыға қойылды, "жақсы" - 102 білім алушыға (53%), "қанағаттанарлық" - 8 білім алушыға (4%) қойылды. Қойылған мақсаттар мен міндеттер толығымен іске асырылды.

Оқу-далалық жиыны – бұл армиялық қызметіне жартылай ену. Көптеген студенттерде мұндай жаттығулар үлкен қызығушылық тудырды. Балалардың пікірлері бойынша, жиын өте қызықты өтті. Әскери қызмет туралы аудиторияда айтудан гөрі, өз көзімен көріп, қолымен істеп, қиындықтарды жеңіп жүрген мүлдем басқа. Ер балалар үшін бұл алғашқы өмір тәжірибесі, өз Отанының қорғаушысы ретінде, қызықты уақыт өткізу, төзімділік пен жігерлікті сезінуге мүмкіндік беретін уақыт.

 

АӘД оқытушылары Магзумов Н.Т. пен Джанахметов М.И.

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

 

 


Защитный код
Обновить

ИнЕУ 

Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 


« Тамыз 2019 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қазір 1345 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәміздер ЭКСПО Астана 2017 Серпін Рұхани Жаңғыру G-Global Электрондық еңбек биржасы Болашаққа көзқарас
 
© 2019 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931