«Естелік шамы» акциясы

2019 жылы 22 маусымда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы басталғаннан бері 78 жыл өтті. Отан азаматтарымыздың есінде бұл қайғылы оқиға мәңгілік сақталады. Бейбітшілік өмірдің шырқын бұзған 1941 жылы ұзақ және қанды соғыс басталды, бұрынғы КСРО халықтары үшін бұл күннін үлкен символдық мәні бар.

Ел мен жерді қорғап қаза болғандарды еске алу үшін, миллиондаған адамдар үйлерінің терезелеріне, ескерткіштер қасына, бауырластар зираты басына шам жағады.

Біздің қаламызда "Естелік шамы" атты акциясы Әскери Даңқ мұражайы аумағында өтті. Оның ұйымдастырушылары "Майдан жолы" іздестіру зерттеу жасағының өкілдері.

 

Іс-шараға политехникалық бөлімнің 1 курс СЭЗ-128 (топ жетекшісі Игілік А.) тобының студенттері мен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары Магзумов Н.Т., Джанахметов М. И. қатысты.

"Естелік шамы" акциясының орны кездейсоқ емес: бұл жерден 1941 жылы Отан қорғауға 46257 біздің жерлесіміз – павлодарлықтар кетті. 1941-1945 жылдары 10555 адам қаза тапты; госпитальдарда қайтыс болған 2094 адам; тұтқында 108 адам қаза тапты; 9538 адам хабар-ошарсыз жоғалды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен бірге жергілікті соғыстар мен әскери қақтығыстар ардагерлері, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдері, Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары колледжі оқытушылары және студенттері аза тұту және еске алу монументіне гүл шоқтарын қойды.

Жағылған шам – бұл өткен мен бүгінгі күнді біріктіретін және ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтін көпір. Біздің студенттер Ұлы жеңіс үшін құрбан болғандарды мәңгілік есте сақтау үшін шам жақты. Мәңгілік есімізде және мың тағзым!

 

АӘД пәнінің оқытушылары Магзумов Н.Т. и Джанахметов М.И.

 

11 12 13 14 15 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

 


Защитный код
Обновить

ИнЕУ 

Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 


« Тамыз 2019 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қазір 1233 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәміздер ЭКСПО Астана 2017 Серпін Рұхани Жаңғыру G-Global Электрондық еңбек биржасы Болашаққа көзқарас
 
© 2019 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931